Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжанда Ақтаудағы ұшақ апатында мерт болған экипаж мүшелерімен қоштасу рәсімі өтті

Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында Ақтаудағы ұшақ апатына ұшыраған экипаж мүшелерімен қоштасу рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қоштасу рәсіміне ұшқыштар Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және бортсерік Хокума Алиевтің отбасы мүшелері, ресми тұлғалар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Марқұмдардың мәйіттері қоштасу рәсіміне Баку әуежайына жеткізілді. Экипаж мүшелері 29 желтоқсанда II Құрмет аллеясында жерленеді.

Еске салсақ, бұған дейін Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған. Бортта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапты. Ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың аты-жөндері белгілі болды. Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанайдың, біреуі Астана тұрғыны болғандары анықталды.

Бүгін қаза болған әзірбайжандықтардың денесі елдеріне жеткізілді. Сондай-ақ Әзірбайжан Ақтаудағы ұшақ апатында мерт болған азаматтарының мәйітіне қайтадан сараптама жасады. 

Талқылау