Әзірбайжан билігі Қарабахтың экс-президенттерін ұстады
Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Таулы Қарабақтың бұрынғы президенттері Аркадий Гукасян мен Бако Сахакянды ұстап, Бакуге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: haytime.ru
Агенттіктің хабарлауынша, Қарабақ парламентінің бұрынғы спикері Давид Ишханян да ұсталған. Үшеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Гукасян 1997-2007 жылдар аралығында Қарабақты басқарды. Ал Сахакян оның орнын басып, 2007-2020 жылдар аралығында мойындалмаған республиканы басқарды. Ишханян 2023 жылдың тамызынан бастап Таулы Қарабақтың Ұлттық жиналысының төрағасы болды.
Өзін-өзі республика жариялаған Таулы Қарабақта армян билігі 30 жылдан астам уақыт бойы өмір сүрген. Армения президенті Никол Пашинян Таулы Қарабақтан босқындарды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Армения билігінің Әзірбайжан шартымен бітімге келуінен туындаған наразылықтар Арменияда бір аптадан астам уақыт бойы жалғасуда.
Еске салайық, бұған дейін Таулы Қарабақ республика ретінде ресми түрде жойылатынын жазған едік.