Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан 550 армян әскерінің өлтірілгенін және жараланғанын айтты

Әзірбайжан қорғаныс министрлігіне әзірбайжан әскерлерімен қақтығыс кезінде армян армиясының 550-ден астамы қаза тапқанын және жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тренд басылымына сілтеме жасап. 

"Таулы Қарабахтағы Талыш ауылы бағытындағы шайқастар кезінде армян армиясының 550-ден астам адамы қаза тапты және жараланды. Операция күнінің соңында алынған барлау мәліметтері бойынша, жаудың 22 танкі мен басқа броньды машиналары, 15 ОСА зениттік-зымыран кешені, 18 пилотсыз ұшу аппараттары, 8 артиллериялық қондырғы жойылды. Армения армиясының 3 оқ-дәрі қоймасы әртүрлі бағытта жойылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Әзірбайжан Арменияның десанттық-шабуыл батальонының командирі подполковник Лерник Бабаянның өлтірілгенін мәлімдейді. Ол басқарған әскери бөлімнің жеке құрамы үлкен шығынға ұшырағаны хабарланды.

Еске салсақ, Армения Қарабақтағы оқиғаларға байланысты соғыс жағдайын жариялады. 

Әзірбайжан парламенті Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты елдің бірқатар қалалары мен аудандарында соғыс жағдайын енгізу туралы шешім қабылдады.

Талқылау