Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Ажырасқан құрбыларыммен араластырмады": Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі еш жерде айтпаған құпиясын бөлісті

Фото: Stan.kz

Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат бұрын-соңды ешжерде айтылмаған құпиясын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Ляйсира мен Тұрсен отбасылы болған кезде, ол оған қатаң талап қойған.

“Бір кезде ажырасқан құрбыларыммен араласпай кеткем. Себебі күйеуім солай талап етті: “Олармен араласуға болмайды”. Ол маған ультиматум қойды: Таңда, мен бе әлде олар ма?! Мен… оны таңдадым. Сол сәтте мен өз болмысымды құрбан еттім. Ажырасқаннан кейін қайтадан өзін тауып, еркін өмір сүріп жатқан құрбыларыма опасыздық жасадым. Өзім де ажырасқан соң, құрбыларымнан кешірім сұрадым. Қазір біз қайтадан араласамыз. Өкінемін”, – деп жазды Instagram парақшасында Ляйсира Марат.


  • Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі ажырасуға не себеп болғанын айтты

  • Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызына кетіп қалған кезде кәсіпкердің бұрынғы әйелі қандай қиындықты бастан кешіргенін айтты


Айта кетейік, кәсіпкер әйел сүйіктісін жолықтырғанын жазған едік. 

“Лясира, сен әлі жалғызсың ба?” деп сұрайтындар көп. Жауап берейін: Мен жалғыз емеспін, қасымда жақсы, мейірімді жігіт бар. Жүзіміздің емес, қолымыздың суретін жариялайын. Ажырасқаннан кейін бақытты болу мүмкін емес деп ойладым. Дүние күйреп, дүниенің ескі суреті жинақталмайтын ұсақ-түйек бөлшектерге бөлініп кеткендей көрінген. Мен қателестім. Қиындықтан кейін жаңа өмірді құруға болады. Иә, мен өзімді жинау үшін көп жұмыс істеуіме тура келді. Мен өмір сүруге қызығамын! Менің өмірім оқиғаларға толы. Менің жаным тағы да күн сайын ерекше бақыт сезімін сыйлайды! Мен сүйемін және сүйіктімін. Өмір керемет!”, – деді Ляйсира.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 17:04
Талқылау