“Ажырасқан әйелдерге еркек жын ғашық болып қалады”: Қазақстандық блогер-косметологтың айтқаны желіде жұртты шошытты
Фото: Видеодан скриншот
Желіде Әсия есімді блогер-косметологтың ажырасқан әйелдерге қатысты пікірі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хиджама маманы ажырасқан әйелдердің ұзақ уақыт некесіз өмір сүруіне болмайтынын айтты.
”Ислам бойынша егер ажырасқан әйел 3 ай 10 күннен кейін некелеспесе, ұзақ уақыт некесіз, ер адамсыз өмір сүретін болса, оған еркек жын ғашық болып, отырып алады. Ешкімді оған жолатпайды. Әйел адам біреумен танысса да, анау ұнамайды, мынау ұнамайды деп жақтырмай тұрады. Түсіне де кіретін болады. Түсінде еркек жын сол әйелмен кәдімгідей қосылатын болады. Сондықтан ұзақ жүріп қалмаңыздар. Ұзақ жүрген әйелдер, естеріңізге түсіріңіздер, ойланыңыздар. Сондай түстер көрмейсіздер ме?! Егер сондай болатын болса, қорқу керек. 10 жыл күйеуге шықпаған пациентім бар. 10 жылдан кейін күйеуге тигеніне 7-8 жыл болғанда, сол жын мазалап, күйеуіне жек көрінішті қылып көрсеткен. Тіпті асылып қалған. Қайта күйеуі құтқарып үлгерген. Қазір оқытылып жүр”, – дейді ол.
-
Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
-
"Жын кіріп кеткендей күйде болды": Марқұм Ақнәрдің екінші құрбысы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді
Желі қолданушылары косметолог маманның пікірін қызу талқылап жатыр.
“Қалай өтірік айтады”, “Қазақта күйеуінің жылын бермей, тұрмыс құруға рұқсат жоқ”, “Аузыңа келгенді айта береді екенсің”, “Аңқау елге арам молда болдығой,”, “Қазақ қасиетті халық, күйеуі өлсе де, балаларын бағып отырады”, “Мынаның өзіне жын кірген”, “3 ай, 10 күн деген сандарды қайдан аласыңдар?!”, – деп жазды көпшілік.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
