Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзербайжан мен Өзбекстан футболдан әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге өтінім бермек

ФИФА отініш бермекФото: Өзбекстан президенті баспасөз қызметі

Әзербайжан мен Өзбекстан алдағы футболдан әлем чемпионаттарының бірін өткізу үшін ФИФА-ға бірлескен өтінім беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ақпараттты 2025 жылдың 3 шілдесінде Бакуге ресми сапары барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мәлімдеді.

Өзбекстан басшысының айтуынша, бұл мәселе Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен өткен кездесу барысында талқыланған. "Біз әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге өтінім беру мәселесін пысықтауға келістік. Бұл – еліміздегі спортты дамыту мен халықаралық беделімізді арттыруға бағытталған маңызды қадам", – деді Мирзиеев.

Қай турнирге нақты өтінім берілетіні және қай жылы өткізілетіні әзірге белгісіз. Алдағы айларда тараптар өтінімді ресми түрде ФИФА-ға жолдауға дайындық жүргізеді деп күтілуде.

Әзербайжан мен Өзбекстанның бұл бастамасы өңірдегі спортты дамытуға бағытталған кең көлемді стратегияның бір бөлігі болып отыр. Егер өтінім қабылданса, бұл — футболдан әлем чемпионаты алғаш рет Орталық Азия мен Кавказ аймағында өткізілуі мүмкін дегенді білдіреді.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 04 Шілде, 2025 22:20
Талқылау