Азаматтық некеде болған: Атырауда жесір әйелге жәбір көрсетті деп айыпталған азаматтың туыстары оқиға жайлы пікір білдірді

Атырауда жесір әйелді балтамен ұрып, артынан асылып өлген ер адамның туыстары марқұмға жала жабу тоқтатылсын дейді. Өзіне қол салған азаматтың әпкелерінің сөзінше, жәбір көрдім деген әйелмен бауырлары азаматтық некеде тұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

туыс
"Біздің үйге келін болды. Үлкен кісілер қатынастарын өзі шешеді ғой. Әкеміз ауру адам. Обырмен ауырады. Ауруханаға барып қаралып жүр. Күнде кешке жұмыстан келіп шәй беріп отырады, осылай. Міне, фото бар. Жалған ақпараттың керегі жоқ. Өлер адам өліп қалды", - деді марқұмның әпкесі Гүлімжан Уытова.

Марқұмның жеңгесі қайным ешкімді зорламады деген пікірде. Тіпті әйелді бір ай бойы қинап келді деген жігіт өгей қыздарын бауырына басып, екеуі бірнеше ай бірге тұрған.


"Ұлыммен бұрыннан сөйлесіп жүрді": Атыраулық әйелдің басынан балтамен ұрып, артынша өзіне қол салған азаматтың анасы үндеу жасады


"Ондай болатын болса, бес жасар қызды тастап, жұмысқа кете ала ма? Зорлық-зомбылықпен бір ай бойы ұстады дейді ғой. Ал жақсы, полицияға хабарласты, еш шара қолданбады деп жатыр. Егер зорлық-зомбылық көретін болса, ол қалай жұмысқа барады?! Ол жұмысқа барса, жұмыстағыларға жармасып айтпай ма?! Ол жұмысқа кетеді. Кешке келіп шайын дайындайды. Атасының шайын береді" , - деді марқұмның жеңгесі Шұғыла Шарипова.

Еске салайық, бұған дейін 20 сәуірде атыраулық азамат қыздарының көзінше жесір келіншектің басынан балтамен ұрып, кейін өзіне қол жұмсаған. Ол жәбірленушінің қыр соңынан қалмай, бірнеше ай бойы зәбір көрсеткен деген дерек бар. Бұған қоса, осы іске қатысты салғырттық танытқан 7 полицей жұмыстан босатылды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр