Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азаматтығы үшін: Томирис Байсафаның анасы Тоқаевқа алғыс айтты

Ресейде қаза болған қазақстандық қыз Томирис Байсафаның анасы ел президентіне алғыс айтты. 

Азаматтығы үшін: Томирис Байсафаның анасы Тоқаевқа алғыс айтты

"Қазақстан Республикасының президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына менің жағдайыма назар аударғаны үшін, мені қабылдағаны үшін, мәселемді қарауға тапсырма бергені үшін, адамгершілігі үшін алғыс айтамын. Азаматтық сөзі үшін, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтамын. 

Енді ретпен түсіндірейін. Тергеу қалай жүріп жатыр?

Тағы оқыңыз >>> Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі

Барлық қажетті тексерулер әлі дайын емес, куәгерлер жоғалып кетеді, камерадан бейне түседі, айғақтар өзгереді, дәлелдер жоғалып кетіп жатты. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың араласуының нәтижесінде қазіргі уақытта іс ерекше мәртебеге ие болды және ол Ресейдің тергеу комитетінің басты тергеу бөліміне берілді. Тергеу тобы құрылды, жаңа тергеуші тағайындалды. Іс біздің барлық ескертулеріміз бен ұсыныстарымызды ескере отырып, объективті қаралады. Бұл тергеу қалай жүріп жатыр деген сұраққа жауап", - дейді Жанна Хаметова парақшасында.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Талқылау