Қазақстан виртуалды министр тағайындамайды
Фото: pixabay.com
Қазақстан Албания үлгісімен виртуалды министрлерді енгізу мүмкіндігін қарастырмайды. Бұл туралы Үкімете өткен баспасөз мәслихатында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист Албанияда жасанды интеллект мемлекеттік басқаруда белсенді қолданылып жатқанын, алғашқы виртуалды министр пайда болғанын айтып, Қазақстан да виртуалды министр тағайындай ма деп сұрады.
Мұсалиевтің айтуынша, Қазақстан әлемдік тәжірибені зерттеп жатыр, бірақ қазіргі заңнама мұндай бастамаларды іске асыруға рұқсат етпейді.
"Біз сіз атаған елдермен қатар басқа мемлекеттердің тәжірибесін де зерттеп жатырмыз. Жалпы, Қазақстан Жасанды интеллект министрлігін құрған әлемдегі алғашқы елдердің бірі. Алайда министр немесе вице-министр жасанды интеллект бола алмайды, себебі біздің заңнама бойынша мемлекеттік қызметші жеке тұлға болуы керек", — деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Самұрық-Қазынаның" ЖИ-директоры Үкімет басшысына есеп берген болатын.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
