Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Коллаж: Stan.kz

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін аман-есен дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы жеке парақшасында сүйінші жаңалықты жариялады. 

“Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары блогерлер отбасын жаппай құттықтап жатыр. 

“Бауыр берік болсын”, “Қандай күшті жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына қуаныштымыз”, “Алла денсаулық берсін”, – деп жазды көпшілік. 



Еске салайық, блогедің бірінші некесінен туған Назар есімді ұлы бар. Оның әкесі – мобилограф Қыран Талапбек. Өткен жылы көпшіліктің алдында сәбидің тұсауын кестірді. 1 жыл бойы баланың жүзін жасырып келген әнші бұл күні көпшілікке Назарды таныстырды. 

"Әжесінің баласы, әжесінің данасы, әжесінің чемпионы, әжесінің ақпатшасы. Танысып қойыңыздар, сылдырмақ – Назар Адайбеков. Түкіріп қойсаңыздар да артық етпейді. Туған күнің құтты болсын балапаным”, – деп жазды блогер. 

STAN.KZ
Жұма, 10 Қазан, 2025 14:21
Талқылау