Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айжан Байзақова "жаңа азаматын" көпшілікке таныстырды (видео)

Айжан Байзақова өзіне ерекше сыйлық жасады. Атышулы блогер су жаңа қымбат көлікті тізгіндеді. Ол көпшіліктен сүйінші сұрап, көрімдік талап етті. 

“Мен өзім үшін көптен бері армандаған сыйлық жасадым. Бәрін өзі-ақ жасай алатын әйелдердің ұрпағымын. Сізге менің азаматым ұнады ма? Құттықтауларыңызды қабылдаймын, көрімдікті де қабылдаймын”, – деп жазды Байзақова.

Блогер сүйінші жаңалығын өзі хабарлап, көпшіліктен көрімдік сұрады. 

Желідегі оқырмандары құттықтауларын жазып жатыр. 

“Құтты болсын, сүрінбесін”, “Ер азаматсыз-ақ өзің қол жеткіздің бе?”, “Мықты екенсің”, “Блогер байыған заман болды”, “Құтты болсын, ақсамасын, тозбасын”, “Жүйрік болсын”, “Жарайсың,  батыл қыз”, – деп жазды олар. 


Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 07 Қазан, 2021 06:50
Талқылау