Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтыскер ақын депутатқа: “Үйінде де ол адам өлер” дейсіз, үйде өлу арман ғой үйің болса

Айтыскер ақын Саят Әбенов ХҚКО-да қайтыс болған марқұмның өліміне қатысты пікір білдірген депутатқа жауап берді.

1479633805_q1nodq-hxx8

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2017 жылдың 16 қаңтарында Алматыдағы Алатау ХҚКО-да 1964 жылы туған Жарас Кунтаков есімді азамат қайтыс болды. Марқұм жолдасымен бірге ХҚКО-ға “мекен жай бойынша азаматтарды тіркеу” талабы бойынша сағат 9:30-да келген. Аталған мекеме ішіндегі дәрігерлер оған көмек қолын созып үлгермеген-ді.

Осы оқиғаға қатысты Парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы болған адам өліміне қатысты пікірін айтты. Ол марқұмның өз үйінде де қайтыс болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Депутаттың бұл сөзіне ашынған айтыскер ақын Саят Әбенов оған өлеңмен жауап берді.

Ел ағасы, заң шықты биыл қанша,
Үндемес ек сол заңнан түйін болса.
“Жұрт айтқаның істейміз” дейсіздер ғой,
Депутаттық бұл мандат бұйырғанша.
Қайттік енді “тіркелу” қиын болса,
Күтеміз бе басқа қан құйылғанша?
Сол бір заңның жөн еді шықпағаны,
Бір қазақтың тағдыры қиылғанша.
Не болмақпыз, мына заң тиылғанша?!
Ұнамады сөзіңіз дүйімге онша.
“Үйінде де ол адам өлер” дейсіз,
Үйде өлу арман ғой үйің болса!

Естеріңізде болса, халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болғанын хабарлап, видеосын жариялаған едік.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбедегі теракт кезінде қорқақтық танытқан офицерлер ақыры сотталды

Жүкті қазақ әйелдерінің жартылай жалаңаш суреттері желідегілерді ашуландырды (фото)

Атырау облысында әйел өзін ұрып ауруханадан бір-ақ шығарған келініне кешірім берді

ШҚО-да анасына хабарласып өзінің адасып кеткенін айтқан мүгедек жігіт сол күйі табылмаған

Талқылау