Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да анасына хабарласып өзінің адасып кеткенін айтқан мүгедек жігіт сол күйі табылмаған

2016 жылдың 10-шілдесі күні Меновное ауылында тұратын 24 жастағы мүгедек жігіт із-түссіз жоғалып кетті.

1484624792_bala-kz

Дауна синдромы ауруымен ауыратын Тоқтар анасына сол күні түнгі сағат 10 мөлшеріне таман телефон соғып: «Мен адасып кеттім, мама, қорқам, қараңғы, алып кетші» деп жылап, өзінің адасып кеткенін, қай жерде тұрғанын білмейтінін айтады, – деп жазады Дидар газеті.

Редакцияға келіп, «Арзан» толайым сауда кешеніне кеткен мүгедек баласынан сол күннен бері көз жазып қалғанын айтқан Тоқтардың анасы Зәмзәгүл Құсайынова «Баламды тауып беруге көмектесіңіздерші» деп етегі жасқа тола егілді. Көзі көрмейтін анасын жетектей келген Тоқтардың қарындасы Айдана болса: «Тоқтар жылап тұрып телефон соққанда, біз одан бұлайша айрылып қаламыз деп мүлде ойлаған жоқпыз, дауысын естіп тұрғанымызды, аман-сау сөйлесіп тұрғанын медеу еттік. Оған үш сағат бойы үзбей телефон соғып, қайта-қайта сөйлесіп тұрдық, шошымауын, орнынан қозғалмауын тапсырдық. Бірден полицияға хабар беріп, өзіміз де туысқан ағамызды ертіп, іздеуге шықтық. Телефоннан бізді күтіп тұрғанын айтып жан ұшырған оған қазір жетеміз деумен болдық» деп болған жайды басынан аяғына дейін баяндап берді.

Бірақ адасып қалған мүгедек жігітке ешкім де жете алмаған. Қала қараңғылық құшағына еніп, сағат түнгі бірлер шамасы болған шақта Тоқтардың телефоны мүлде сөніп, іздеушілер мен жігіттің арасындағы байланыс біржолата үзіледі.

«Арзан» сауда кешеніне ұлым үнемі барып жүретін. Сонда біздің отбасын, баламды жақсы танитын адамдар да жұмыс істейді. Көбінесе солардың жанына барып, сөйлесіп, әрі-бері жүріп қайтатын. Ешкімге соқтықпайды, керісінше айғай, шудан қорқады, кішкентай бала сияқты. Телефонын күн сайын зарядтап, азын-аулақ тиын тебенімен бірге қалтасына салып беретінбіз. Үнемі телефонмен сөйлесіп, хабарласып отыратынбыз. Сол жолы «қазір келем» деген балам біраз уақыттан соң адасып кеткенін айтып звондады. Бәрінен бұрын қайта-қайта баламмен телефонмен сөйлесіп тұрып, қалада екені белгілі бола тұрып, шағын ғана ықшамауданнан полиция қызметкерлерінің баланы таба алмай қойғаны жаныма батады. Кешкі 9.30-да балам звондай сала дереу Сол жағалау ішкі істер бөліміне хабар бердім, іздеуге кірістік, іздеп жатырмыз деді. Түнгі бірге таман туысқан ағасы звондағанда, телефонды бөтен адам алып, іле өшіріп тастапты. Содан соң-ақ телефоны үнсіз қалды. Полиция тым болмаса Тоқтардың тұрған маңын анықтап берсе ғой, сонда қай жерде тұрғанын білсем, көзім көрмесе де, көлігім болмаса да, жаяу-ақ жүгіріп жетер едім. Кейіннен полиция баламның КШТ-ға барар жолдағы Радуга тұрғын үй кешені ауданы жақтан звондағанын анықтады. Тоқтар шатасып КШТ жаққа баратын автобусқа отырып кетіп, одан жолдан түсіп қалған сияқты, амалым қанша, – дейді егілген ана.

Тоқтар жоғалғалы алты ай өтті. Анасы баласынан үмітін үзбейді. Жоғалған жігіттің анасының айтуынша, тіпті осыдан бірнеше ай бұрын бір әйел адам «Балаңды әкеліп беремін, Өскеменнің маңынан звондап тұрмын» деп телефон шалған көрінеді. Тексере келгенде ол телефон қоңырауы Шымкент жақтан, Арыс қаласынан түсіпті.

“Қазіргі күні жоғалған жігітті жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Әзірге ешқандай хабар жоқ, – дейді Облыстық ішікі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев. – Тоқтар туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, 102 телефонына хабарласуын сұраймыз.

Жіберіп алмаңыз:

Араб еліндегі виллалар, Англиядағы есепшоттар: қазақстандықтар табыстарын қалай жасырады?

Екі қолынан айырылған жігіт көлік айдап, компьютермен қызмет атқарып жүр (фото)

7 жасар қырғыз баласы бүкіл отбасынан айырылып қалғанын әлі білмейді

Көкшетаулық әйел өз пәтерін белгісіз рухтың мекендеп алғанын баяндап берді

Талқылау