Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтарлықтай салмақ тастағаны байқалатын Ким Чен Ынның суреттері желіде қызу талқылануда

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның жақында түсірілген фотосуреттері мен видеолары желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік Солтүстік Корея басшысының арықтағанын айтып, мұның себептерін әртүрлі болжауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып.

Пхеньянда “ерікті” түрде жұмыс істеуге келісімін берген студенттер және оқушылармен кездесуіндегі фотосуреттер желіде таралды. Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ қызметі жариялаған суреттерде мемлекет басшысының салмақ жоғалтқаны айқын көрінеді.

Ким Чен Ын өз сөзінде жастарды ең қиын және ауыр лауазымдарда жұмыс істеуге өз еркімен келіскендері үшін мақтап, оларды толығымен қолдайтынын айтты.

"Әрине, ол ауырып жүрген болуы мүмкін. Немесе оған салмағын төмендету үшін, денсаулыққа қатысты проблемалардың алдын алу мақсатында бариатриялық операция жасалған болуы да ғажап емес", – деді Дикина университетінің терроризмге қарсы сарапшысы Грег Бартон.

Маусым айының соңында КХДР мемлекеттік БАҚ ресми түрде ел басшысының салмағы төмендегенін мойындады. Сондай-ақ оңтүстік кореялық басылымдарда 170 сантиметр бойымен оның салмағы 140 келі болғанын атап өтті, бұл 30-40 жастағы адамдар үшін нормадан асады және кез келген ауруға шалдыққанын білдіруі мүмкін.


“Әскерилердің көзі мен тілі болдық”: Ауғандық әскери аудармашы АҚШ-қа келіп қалай панасызға айналғанын айтып, оқиғасымен бөлісті 


Айта кетейік, Ким Чен Ынның денсаулығы туралы қоғамдық пікірлер маусымның басында шетелдік сарапшылар КХДР басшысының айтарлықтай салмақ жоғалтқанын байқаған соң басталды. Оның денсаулығының нашарлағаны жайлы алып-қашпа әңгіме 2020 жылдың басында күшейе түсті.

 

Назерке Мұса
Бейсенбі, 02 Қыркүйек, 2021 14:11
Талқылау