Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсұлу Әзімбаева “Хабар”арнасына өкпелі

Маусымның 4-і күні елімізде тұңғыш рет ELLE Style Awards 2016 марапаттау рәсімі өткен-ді. Аталған рәсімде Қазақстанның ең сәнді киінетін жұлдыздары марапатталды. Олардың арасында Айсұлу Әзімбаева да бар.

925789_652911774767317_204446728_n

Фото: instagram.com/strangeice/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актриса Айсұлу Әзімбаева рәсімнің теледидардан көрсетілген нұсқасын көріп, өз сөзінің көп бөлігі кесілгенін байқаған. Артынша ол “Хабар” арнасына деген ренішін айтып, өзінің желідегі парақшасында бұл “олқылықты” түзетті. Мұнымен қатар, бұл жеңісін әріптесі әрі досы Шыңғыс Капинге арнағанын айтып өтті.

“ELLE Style Awards 2016 марапаттау рәсімінде айтқан сөздерімнің көп бөлігін Хабар арнасы кесіп тастаған екен. Бұл сөздер мен үшін өте маңызды болатын. Сондықтан оны жоқ дегенде әлеуметтік желіде қалпына келтіргенім жөн болар. Ол келесідегідей болды:

“Бұл менің ерен еңбегімнің ақталғанын білдіреді. Себебі, мен осы маусымда тынымсыз еңбектендім. Театр – көп адамның еңбегінен құралатын ұйым. Маған өзінің жұмысын шексіз жақсы көретін адамдардан сабақ алу бақыты бұйырды.

Мен “Ашына” қойылымның режиссері – Рәзия Хасановаға, “Қалың дәптер” қойылымының режиссері – Галина Пьяноваға, “Бақытты жандар ән салады” қойылымының режиссері – Ирэн Аравинге алғыс айтқым келеді. “АРТиШОК” театрының жетекшілері Анастасия Тарасоваға, Виктория Мұхамеджановаға, Катерина Дзвоникке, Вероника Насальскийге отбасыларының бір мүшесі болып, өз еңбегімді бағалауға үйреткендері үшін рахмет.

Осы әйелдер есімінен бөлек мен үшін маңызды тағы да бір ат бар. Маған әрдайым қолдау көрсетіп, шабыттандырып, маған сенім артқан адам. Бұл жеңісімді әріптесім әрі досым Шыңғыс Капинге арнаймын. Дауыс бергендеріңіз үшін, махаббаттарыңыз үшін, қазақстандық актерлер мен актрисалар бой көрсетіп жүрген театрларға барып жүргендеріңіз үшін рахмет!” – дейді актриса.

Жұрт осы күнге дейін әлеуметтік желідегі суреттеріне қарап Айсұлу Әзімбаева мен Шыңғыс Капинді қосатын. Алайда сахнадағы ғашықтардың шынайы өмірде бір-біріне қандай сезімде екені белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Актриса Айсұлу Әзімбаева стилист болмақ

Айсұлу Әзімбаева 30 мемлекетке саяхаттағанын айтып, жұртты қайран қалдырды

Айсұлу Әзімбаева Еуропадағы ең биік шыңды бағындырды (фото, видео)

Ота жасатқан Әзімбаева шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Талқылау