Айсұлу Әзімбаева 30 мемлекетке саяхаттағанын айтып, жұртты қайран қалдырды
Актриса Әзімбаева осы күнге дейін 30 мемлекетке саяхаттап үлгергенін айтты. Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары таң қалысты. Артынша оны өз өлкелеріне қонаққа шақырды.
Фото: instagram.com/strangeice/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Айсұлу Әзімбаева күні кеше Еуропа мен Ресейдегі ең биік шыңды бағындырған болатын. Алайда бұл актрисаның жалғыз жетістігі емес екен. Ол өзінің небәрі 28 жасында 30 мемлекетке барып үлгерген-ді.
Дәл қазір актриса Грузияда жүр. “Өзімнің 28 жасымда 30 мемлекетке барып үлгердім. Тізімге Ватикан, Гонг Конг және Қазақстан кіреді. Мұнымен қатар, Ресейдің құрамына кіретін – Татарстан, Солтүстік Осетия, Кабардино-Балкария бар. Бұл мемлекеттер Ресейдің аумағында орналасқандықтан, бұл тізімге кірмеді.
Мен барған мемлекеттер – Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Непал, Тайланд, Малайзия, Сингапур, Гонг Конг, БАӘ, Мысыр, Англия, Германия, Финляндия, Камбоджия, Эстония, Польша, Франция, Испания, Италия, Ресей, Грузия, Қазақстан, Түркия, Голландия, Шри Ланка, Ватикан, Украина, Беларусия. Осылардың ішінен бәрінен де Үндістан мен Тайланд ұнайды.
Ал қалалардан Берлин мен Парижді жақсы көремін. Алдағы уақытта Фиджи мен Риоға, Буэнос-Айреске барғым келеді. Әлемде кей деректерге сүйенсек 252 мемлекет бар. Ал сіздер қайда барғыларыңыз келеді?” – дейді Айсұлу Әзімбаева.
Актрисаның жас бола тұра көптеген елге барып үлгергеніне жұрт қайран қалды. Әркім өз туған жерін мақтап, Әзімбаеваны қонаққа шақырып жатты.
Жіберіп алмаңыз:
Айсұлу Әзімбаева Еуропадағы ең биік шыңды бағындырды (фото, видео)
Ота жасатқан Әзімбаева шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр
Актер Жандос Айбасов халыққа жаңа сүйіктісін таныстырды (фото)
Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы