Айшаға сезімін білдірген Бүркіт тыңдармандарын қайран қалдырды (фото, видео)
Бүркіт өз отбасын, жарына деген махаббатын жасырмайтын санаулы әншілердің қатарында. Жұрт Бүркіт пен Айшаны Қазақстан эстрадасындағы ең жарасымды жұп санайды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Айшамен отау құрған күннен бастап ол оны бір сәтке де жанынан қалдырған жоқ. Өзімен бірге сахнаға алып шықты, елге таныстырды. Қайда барса да Айшамен бірге баратын Бүркіт сүйіктісінің туған күнінде тағы бір рет оған деген сезімін білдірді.
«Ұлдарымның анасы, сүйіктім, маxаббатым. Туған күніңмен! Мың да бір рет раxмет саған, маған сыйлаған күндерің үшін, маxаббатың үшін. Бақыттымын сенімен бірге, Әлxамдуллилләһ», – деп жазады Бүркіт.
Тыңдармандар бұл жазбаны үнсіз айналып өте алмады. Көпшілік Бүркіттің махаббатына қайран қалысып жатты. Ендігілер өзге ер адамдарға Бүркіттен үлгі алуға шақырды.
«Керемет құттықтау сөздер, сүйікті жарыңыздың туған күні құтты болсын», «Сіздерді қатты жақсы көреміз, құтты болсын», «Қандай бақыт күйеуің бағалап, елге паш етіп қуанышын білдіріп жатқаны. Осындай күйеуі бар Айшада арман бар ма екен?» «Бүркіт өте керемет жансың, әйеліңді құрметтеп алақаныңда ұстайсың, сендей болса ғой», «Әйеліңіз бақытты екен, туған күніңмен Айша», – дейді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Меруерт Түсіпбаева сотқа барып Жадоның үстінен арыз түсірді
Әділ Лиян Айсәуле Бақытбекті орнына қойды
Абай Бегейдің Кубада түсірген бейнебаянына қара нәсілділер түсті (видео)
Баян Есентаева жаңа сүйіктісінің қандай тағам ұнататынын айтты (фото)