Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт пен Айша үш қабатты үй сатып алды

Бүркіт пен Айша былтыр ғана пәтерлерін көрсеткен болатын. Араға біраз уақыт салып үш қабатты үйге көшкен екен. Бұл зәулім сарайларының жобасын өздері құрастырған-ды.

14716377_1163533987015168_1344271458808889344_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Жары мен ағасы шетелде бейнебаян түсіріп жатқан кезде, Айша уақытты босқа өткізбеген. Үйінің әрлеу жұмыстарымен айналысып, қажетті жиһаздарды сатып алған. Тұрмыстық техниканың барлығын Айша өз талғамымен таңдаған. Осылайша Тараздың келіні тек құрылыстың тілін меңгеріп қана қоймай, қолынан бал тамған аспаз екенін де танытқан. Журналистерге арнап ақ дастарханды жайнатып қойыпты.

14716645_1167585080000140_6936998844538290176_n

Бүгінде Айша үй шаруасымен жалғыз өзі айналысып үлгермейтінін айтып жатыр. Тіпті, үйіне бала күтушілері де бар екен. “Әрине, қазір көмекшілеріміз бар. Себебі, мен ешнәрсеге үлгермеймін. Қарапайым пәтерде тұрғанымыздың өзінде үлгермейтін едім. Бізде жұмыс өте көп. Сол себепті, үй шаруасымен айналысатын қыздар мен бала кұтушісін алдық. Кейде балаларымызды өзімізбен бірге ала кетеміз. Әдетте тек біреуін алып жүреміз. Жуырда демалмасақ, мен шаршадым”, – дейді Айша.

Бүркіттің Айшасыз іссапарларға шығатыны жұртқа мәлім. Мысалы, биыл тележүргізушілердің бірімен шетелге шығамын деп желіде басы дауға қалған еді. Тіпті, Youtube желісіне “Әнші Бүркіттің шетелде жас қызбен қыдырып жүргенінен әйелі хабардар ма?” деген тақырыппен видео жарияланды. Аталған видеоны аз уақыт ішінде 1 миллионнан астам адам көрген екен. Десе де, Айша күйеуі туралы мұндай алып-қашпа сөздерге ермейтінін айтып отыр.

“Мен желіде жазылатын пікірлерді сирек оқимын. Жаңағы видеоға қатысты пікірлерді мүлдем оқымадым. Маған адамдардың не айтатыны маңызды емес. Себебі, мен Бүркітке толықтай сенемін. Оның қандай адам екенін жақсы білемін. Алысқа кетсе, уайымдамаймын да”, – дейді Айша.

Сүйіктісінің бұл сөздерін естіп, Бүркіт мырза қуанып қалды. Ол үйден жырақтаса, сағат сайын хабарласып, бала-шағасының қалын біліп отырады екен.

Барлық шаруаны Айша реттеп отырғанымен, олардың отбасында ақшаны Бүркіт қана ұстайды екен. Айша әрбір алған ақшасы үшін есеп беріп отырады.

“Үйде ақшаны тек Айбек ұстайды. Мен оған әрбір тиын үшін есеп беремін деп айта алмаймын. Бар болғаны ақшаны сұрап аламын. Сұрайтын кезде міндетті түрде оны не нәрсеге жұмсайтынымды айтамын”, – дейді Айша.

Осы орайда, Бүркіт бір қызықты оқиғаны еске алды.

Ол Айшаның қай кезде ақша сұрайтынны айтып, жұртты әбден күлдірді.

“Сіз одан “Ақшаны қашан, қалай сұрайсың?” деп сұрасаңызшы. Ол міндетті түрде таңертең, мен қатты ұйықтап жатқан кезде келеді. Мен кішкене кезімде әкемнен ақшаны не таңертең, не түнде сұрайтынмын. Сол кезде ол ұйқылы ояу “Ақшаны қалтамнан ал” деп бере салатын. Сол секілді Айша да мен қатты ұйықтап жатқан кезде сұрап алады”, – дейді Бүркіт.

Бүркіттің туған ағасы Әли олардың ақшаны орнымен жұмсайтындыын айтты. Десе де, үй құрылысына қымбаттығына қарамастан, тек сапалы материалдарды алуға тырысқан екен.


Жіберіп алмаңыз:

Әкесіне таласқан Майғазиевтың қыздары желі қолданушыларын сүйсінтті (фото)

Арман: Маған қыз сыйлаған Ашаға міндетті түрде сыйлық болады

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Талқылау