Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек енді күшігінің тырнағына маникюр жасата бастады (фото)

Айсәуле Бақытбек күшігін спа-салонға ғана апарып қоймай, оның тырнағына маникюр жасатып жүр.

16584864_1871083176464966_5250211135512117248_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айсәуле Бақытбек бірнеше жыл қатарынан шетелде білім алды. Ол Калифорнияда оқып жүріп күшік асыраған болатын. Оған “Ла” деп ат қойды. Артынша өзімен бірге Қазақстанға алып келді. Бойжеткеннің күшігіне ерекше күтім жасауы біреуді қуантса, енді екіншілерінің ашуын келтіріп жатыр. Бұл жолы Баян Есентаева Ланың тырнағындағы маникюрды көрсетті. “Біздің кеңсеге Ла қонаққа келді. Сұқ саусағында маникюрдың қалдығы қалып қойған екен” деп жазады ол суреттің тұсына.

Продюсер бұл суретке пікір жазылмауын қалаған сыңайлы. Пікір жазуды шектеп қойған екен. Десе де, Айсәуле Бақытбек осы уақытқа дейін күшігіне спа-салон іздеп, жұртты шулатқан-ды. Арасында оның бұл әрекетін құптағандар да болды.

16464441_1249899838428153_644278255842492416_n (1)

Темір тордың ар жағында отырған Бақытбек Есентаевты қыздары ғана емес, күшігі де сағынып жүрген сыңайлы. “Бұл – менің атам. Оның иттерге аллергиясы бар болғандықтан, анам мені біреуге беру керек деп қорыққан болатын. Алайда оның маған аллергиясы жоқ болып шықты. Оның үстіне атымды “Ла Бақытбек” деп жаздырдым. Себебі, паспорттағы тегім – Бақытбек. Мен анамның ұлымын. Сол себепті шу көтерудің қажеті жоқ, ханымдар мен мырзалар. Менің атам мені жақсы көреді. Ал сендер өздерің сау бастарыңа сақина тілеп жүрсіңдер. Ақылы мен қалжыңдай білу қасиеті жоқтардың барлығын тістеп алғым келеді. Біз анамыз екеуіміз оны қатты жақсы көреміз, құрметтейміз әрі сағындық. Ол үнемі маған сәлем жолдап отырады. Мен әділеттілік орнайды деген үміттемін. Мен өсіп кетпей тұрғанда жүздесеміз деген ойдамын…” – деп жазады Айсәуле Бақытбек өзінің күшігінің атынан.

16584820_1610408838974298_8229694283062444032_n

Бойжеткен ішкі жарасын сыртқа көрсеткісі келмесе де, жоғарыдағы жазбадан әкесін қатты сағынып жүргені байқалады.


Жіберіп алмаңыз:

Есентаева сүйіктісін шоу-бизнеске қатысты жиындардан тастамай ертіп жүретін болған (фото)

Трансвеститтер шоуына барған Айқын тыңдармандарын шошытты

Қытайлық фанаттар үйлерінің сыртына Димаштың атын жаздырып алған

Димаш келесі кезеңде атақты Лара Фабианның әнін орындайды (фото)

Талқылау