Айнұр Тұрсынбаева дәріханашы апаймен қалай орысша сөйлескенін айтып елді күлдірді
Айнұр Тұрсынбаева бастан өткерген қызықтарын айтып көпшілікті бір күлдірді. Айтыскер орыс тіліне шорқақ болғанын айта келе, соған қатысты қызықтарын баяндады. Студенттік жылдарын еске алды.
“1993 жылы Петропалвға айтысқа барғанмын. Ерніме ұшық шыққан. Ұшықтың орысшасы герпес екен ғой, оны кім біліпті?! Ернімде дәу ұшық. Дәріханаға барып сатушыға ернімді көрсетем. Ол да бір қатайған біреу екен. “Что это?” деп қоймайды. “Вот это же, это” деп күмілжіп мен тұрмын. Ол да қадалып “ну, что это?” дейді мені мазақтап. Соның алдында сыныптағы бір бала аяғын ауыртып алып “менде травма” дегенім естіп қалғанмын..Қайдан шықса одан шықсын деп “травма” деппін. Сатушы ішегін басып күліп жатыр”, – дейді Тұрсынбаева.
Айтыскер бұдан басқа да жайттарды айтып өтті. Өзінің ғана емес, орыс тілін білмейтін құрбыларының қызықты оқиғасын жазды.
- "Айтыстың аққуы едіңіз, коучтардың қарғасы болып барасыз": Айгүл Орынбек Айнұр Тұрсынбаеваға ашық хат жазды
- Айнұр Тұрсынбаева: Көлігімді соққан баланы кешірмедім, 2 айдан соң менің қызым адам қағып кетті
“Жатақханада тұрамыз. Монғолиядан келген Ақайша деген қыз тұратын. Орысша сөйлегені бір қызық. Түрімізге қарамай соны мазақтаймыз. Бір күні тамақ пісірейік десек сіріңке жоқ. Ақайша екеуміз киоскке барып алатын болдық. Сатушы орыс апа “Что надо?” дейді. Мен естімегендей үндемеймін. Ақайша көзі жыпылықтап “Пожар” деді. Орыс апа шошып кетіп “Какой пожар?” деді. Ақайша маған бір қарайды, апаға бір қарайды. Тұтататын нәрсе деп көрсеткісі келді-ау деймін, саусақтарымен шырпы жаққандай көрсете бастады. “Сигарета что ли?” деді апа. “Нет, нет пожар дайте” деп есі шықты Ақайшамның. Мұндай қызықтар сіздерде де көп шығар”, – деді ол.
Желі қолданушылары өз оқиғасын жазып жатыр. Енді бірі өз пікірін қалдырды.
“Менде де осындай бір оқиға бар, айтуға ұялам бірақ”, “Бала күнімде кір сабын дегенді айталмай әбден қиналған едім дүкендегі орыс апайға ымдап (қолыммен ысқалап) жүріп түсіндіргенмін. Сол есіме түсіп әдбен күлдім-ау”, “Осындай әңгімелер жазып тұрыңызшы күліп-күліп бір сергіп қалдым”, “Айтпаңыз, орысша сөйлеу бір қиын маған да, мен де күмілжіп тұрғаным жеткізе алмай, өз жерімізде жүрміз ғой ана тілімізді өткізе алмай”, “Ондай әңгіме өзімде жеке басымда көп кездескен. Мен де ұялмай, акцентпен келсін келмесін сөйлей беретінмін”, – деп жазды желідегілер.