Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаеваға үш рет шабуыл жасалды

Айтыскер ақынның әлеуметтік желідегі парақшасына шабуыл жасалды. Тұрсынбаева тиісті органдарға арыз жазуға мәжбүр болған. Өйткені бұзақылар парақшасына бір рет емес, үш рет шабуыл жасаған көрінеді.

image

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram  желісіндегі парақшасына 3 рет шабуыл жасалған екен. Айтыскер ақын дер кезінде құпия сөзді өзгертіп үлгергенін айтады. Десе де, тиісті органдардың көмегіне жүгініп, бұзақыны ұстауды жөн көріпті.

“3-4 күннен бері парақшамды тек оқырмандарым қарай алатындай жауып қойғанмын. Ал кешеден бері бір кісілер менің инстаграм парақшамды бұзумен айналысып жатыр. Үш рет бұзып, мен құпия сөзді ауыстырып үлгердім. Бүгін амал жоқ ҰҚК- ге арыз жаздым. Олар табу үшін поштам мен парақшамның құпия сөзін сұрады. Амал жоқ бердім. Қалай ойлайсыздар, олардың мақсаты не?” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары “Олардың арам пиғылдарын өздері ғана білер. Сіздің қай жағыңыздан, қай қырыңыздан мін іздеп жүргендерін білмедім”, “Мен сіздің өнеріңізге тәнтімін”, “Сіз мен үшін мінсіз әйелсіз. Аман жүріңізші”, “Еріккендердің ісі ғой”, “Адамдар қызғаныштан не істемейді” сынды пікірлер білдіріп, айтыскерге қолдау көрсеткен.

Әзірге бұзақылардың ұсталып-ұсталмағаны белгісіз. Десе де, Тұрсынбаева оларды міндетті түрде табатындығын айтады.


Жіберіп алмаңыздар:

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Айнұр Тұрсынбаева: Жар таңдауда жолым болған адаммын

Талқылау