Француз футболшысы Оливье Жируды АҚШ-та тонап кетті
Француз шабуылшысы Оливье Жирудың АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы үйін тонап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті хабарлайды.
Фото: talksport.com
TMZ Sports мәліметінше, осы айдың басында Оливье Жирудың Лос-Анджелес аймағындағы үйіне ұрылар түсіп, шамамен жарты миллион доллар тұратын әшекей бұйымдары қолды болған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл туралы полицияға футболшының әйелі 5 ақпанда хабарлаған. Ол өз үйінде сынған терезені байқап, ұрлық болғанын анықтаған.
Жирудың жұбайының айтуынша, ұрылар бірнеше қымбат затты, соның ішінде 10-нан астам ерлер сағатын алып кеткенін айтқан. Ол жоғалған заттардың жалпы құны 500 000 долларға жуық екенін хабарлаған.
Әзірге бұл оқиғаға байланысты ешкім ұсталған жоқ, бірақ Лос-Анджелес полициясы тергеуді жалғастырып жатыр.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

