Айнұр Тұрсынбаева жұртты тек Аллаға сенуге шақырды
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жұртты тек Аллаға сенуге шақырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жаңа жыл түні қазақстандық танымал адамдар жұртты құттықтап, жылы тілектерін жеткізді. Алайда айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева керісінше бұл мерекеге аса көп назар аудармауға шақырды. Ол әртүрлі Аяз атаға сенгеннен, Алланың алдында ғана бас июді жөн көретінін жеткізді.
“Негізі адам баласы әр нәрсеге сене бермегені дұрыс шығар. Аллаға ғана сеніп тыныш отырайықшы осы. Жаңа жылды керемет қарсы алмасам болмайды деп маңайыңыздың мазасын алмаңыз. Бәрі бекер. Балалардың да жүрегіне ондай сенім кіргізбеген абзал. Есейіп кетсек те, бала кездегі сенім әлі күнге дейін қобалжытады. Қайбір жылы Египетте қарсы алдық бала-шағамызбен. Сол жылы тіпті ешқайда қыдыруға мүмкіндік болмаған. Жылдың басында бірге қарсы алған адамыңды жылдың аяғында көргің келмей қалуы да мүмкін ғой.
Әр жылды әртүрлі адаммен қарсы алып, әртүрлі өтірікпен басыңды қатыратын небір “Аяз Аталар” бар арамызда. Солардан сақтасын құдай. Адамды қинайтын да, сыйлайтын да адам ғой. Тек маңайыңыздан пасық адамдарды алыстатсаңыз болды. Сонда өміріңізде бәрі жақсы болады! Айтпақшы, балалар үйде болсын бүгін. Статистика бойынша ең көп қылмыс жасалатын түн 31 желтоқсан. Шығамыз деп қоймай жатса “басты ауыртпа” дейсіздер ғой”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.
Желі қолданушылары да Айнұр ханымның сөзін қоштай түсті. Арасында Жаңа жыл мерекесіне адамдарды қарсы қоймауды айтқандар да болды. “Өте дұрыс айтылған. Осыны үлкендер түсіне бермейді, әттең. Пікірді окып қуанып отырмын. Аллаға шүкір. Көп адам түсіне бастапты. 31 желтоқсан мұсылмандардың мейрамы емес екенін. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызғы Алла екі дүниенің бакытын нәсіп етсін” деп жазады желі қолданушыларының бірі.
Жіберіп алмаңыз:
Сиви мен жары отбасылық өмірлерінің 5 жылдығын атап өтті (фото, видео)
«Музарт» тобының ізбасарлары алғашқы өнерлерін елбасының алдында көрсетті
Қыдырәлі Қарақаттың өз қолымен жемпір тоқып бергенін айтып мақтанды
Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлап, өлең арнады (видео)