Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айналайын халқым, теріс түсінбеңіздер": Ақтауда шу болған жерлеу рәсімі арналған марқұмның сіңлісі қазақстандықтарға жүгінді

Күлжан Сырбайқызы марқұм әпкесі Бибіжамал Аблазимованың өлмес алдындағы өтініші туралы айтып берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ол туыстарынан жерлеу рәсіміне және еске алуға ешкім келмеуін сұраған.

"Құрметті қазақ елінің азаматтары! Бүгін, міне, әулетімізде апам қазаға ұшырап, ауыр жағдайға тап болып отырмыз. Өмірден қайтқанына ешкімді де шақырған жоқпыз. Бірақ, кет деп келген адамға есігімізді жаба алмадық. Бірақ, санитарлық талаптарды ескеріп, мына жерге 4-5 адамды қойып, кірген адамға арақашықтықты сақтаңыздар, бәрімізге де денсаулық керек, амандық керек, деп айттық", - дейді ол.



"Айналайын халқым, теріс түсінбеңіздер. Барлығыңыздың аналарыңыз бар ғой. Қандай да бір қателігіміз болса, арақашықтық сақталмады деп жатыр, егер осындай жағдайлар болса, айыппұл  саламыз, болмайды десе, оның бәрін көтереміз. Анамыз үшін, бауырымыз үшін көтереміз", - деді Күлжан Сырбайқызы.

Ол халықтан үлкен емес екендерін атап өтіп, көпшіліктен кешірім сұрады. 

"Анамыз кетер кезде айтып еді: "Шырақтарым, мен ұзаққа бармаймын. Маған келіп, біреу ауырып қалмасын. Алладан тілерім сол", - деп. Мен де Алладан халықтың ауырмауын тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жағдайға түсіністікпен қараса деген өтінішім бар", - деп түйіндеді Күлжан Сырбайқызы.

Талқылау