Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күлкіңмен бөліс: Қазақстанда есту қабілеті бұзылған жандарды қолдауға арналған әлеуметтік жоба іске қосылды

Lay’s Қазақстанның қызыл айы ұйымымен бірігіп игі жобаны жүзеге асырып отыр. Олар есту қабілетінде ақауы бар тұрғындарға көмек ретінде "Күлкіңмен бөліс" атты әлеуметтік жобасын бастады. 

лейс

Статистикаға көз жүгіртсек, әлемде 430 миллионнан астам адамның есту қабілетіне зақым келген. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 150 мыңға жетеді.

Мұндай адамдар күнделікті тұрмыста бірқатар қиындықтарға ұшырап жатады. Осы мәселені шешуге өзіндік үлесін Lay’s бренді мен Қазақстанның қызыл айы қосуда. Сіз де игі бастамаға қатыса аласыз. Мәселен, Lay's-тың сыртында күлкінің суреті бар әрбір сатып алынған қаптамасынан түсетін қаражаттың 5 теңгесі Қазақстанның қызыл айы ұйымына аударылады. Өз кезегінде бұл қаржы есту қабілетінде кінәрат бар адамдарға есту аппаратын сатып алуға бағытталады.

“Есту қабілеті бұзылғандардың кейбірі есту аппараттарын сатып алуға қолы жете бермейді. Сондықтан да жоба ұйымдастырушылары мұқтаж жандарға осы тұрғыда көмектесуді шешкен. Күлкі барлығына да түсінікті ым-ишаралардың бірі, сондықтан да науқанның тақырыбы күлкімен байланысты”, – дейді ұйымдастырушылар.  

"Өкінішке қарай, есту қабілеті нашар кез келген адам жоғары сапалы есту аппаратына ие бола алмайды. Lay’s компаниясымен бірлескен жобамыз аясында адамдарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуді қолға алдық . Статистикаға сенсек, бүгінде есту аппаратына мұқтаж адамдардың саны көбеюде. Ал тегін берілгендердің барлығы сапалы бола бермейді", – дейді Қазақстанның Қызыл айы ұйымының қоғаммен байланыс саласының маманы Әлішер Асылбеков. 

Айта кетсек, Lay's қаптамасын сатып алу – есту қабілеті бұзылғандарға көмектесудің жалғыз жолы емес. Қаптаманың сыртындағы күлкіні пайдаланып, суретке немесе видеоға түсіп, Instagram желісінде Stories-ке жүктесеңіз болады. Әрбір Stories-тен түскен 5 теңге Қазақстанның Қызыл Айына есту аппараттарына сатып алуға аударылады. 

Әлеуметтік жоба тамыз айының 15-не дейін созылмақ. Lay's-пен бірге күлкімен бөлісіп, есту қабілеті зақымдалған адамдарға көмек қолын созыңыз!

Толығырақ мына сілтемеден оқуға болады. 

Талқылау