Айқын жары Жұлдызға қымбат көлік сыйлады (видео)
Айқын Төлепберген жары Жұлдыз Өмірғалиге қымбат көлік сыйлады. Жұлдыз "Gelandewagen" көлігін тізгіндеді. Әнші жарына өзі ұнатқан көліңтің кілтін ұсттатты.

"Енді ұлымды тасып жүретін машина осы. Жүрегім, құтты болсын жаным. Темір тұлпарың тозып, өзің тозба!!! Сені жақсы көрем. Құттықтауларыңызға рахмет!", - деп жазды Айқын желіде.
Жұлдызды жұп көлікті көрсетіп, көпшіліктен көрімдік сұрады.
Желі қолданушылары құтты болсын айтып, сәттілік тіледі.
"Құтты болсын, Алла жол амандығын берсін", "Жұлдыздан бақытты әйел жоқ шығар", "Ересек ұлдарына да көлік әперген шығар әйтпесе өкпелейді ғой", "Жылайсындар той жоқ, карантин, ақша жоқ деп, көлікке ақша бар", "Құтты болсын, игілігіне пайдалансын", "Тұлпарың сүрінбесін, бірдеуді күндегенше құттықтайық, тілектес болайық", Айқын, мықты азаматсың, бәрінің күйеуі сен секілді болсын", "Бізге де жұғысты болсын"- деп жазды олар.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан