Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің қызы ауруханаға түсіп қалды

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің қызы ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің қызы ауруханаға түсіп қалдыБұл туралы Жұлдыз Өмірғали әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жазба қалдырған. Билирубины жоғарылап кеткен жұлдыздардың перзенті ауруханаға түсіп қалды. Бір айдан аса уақыттың ішінде үш мәрте ауруханаға жатқан Айя қыздың денсаулығы қазір түзелген. Алайда, дәрігерлер оларды үйлеріне шығаруға асықпапты.

"Неге тағы ауруханадасыздар" деп сұрады бір оқырманым. "Ауруханадағы суреттеріңізді саласыз, бірақ түсіндірмейсіз" дейді ол. Бұл Айя екеуіміздің үшінші рет ауруханаға баруымыз. Бірнші рет туылған кезде, екінші рет туғаннан бір аптадан кейін менің дене қызуымен жедел жәрдем алып кетті. Үшінші рет Айяның билирубині түспей қойды", - деп жазды Жұлдыз Өмірғали.  

Жұлдыз Өмірғали мұндай жағдай тұңғышында да болғанын жасырмады. Алайда, ер баланың науқасы тез қайтқан көрінеді. Қызының билирубинін төмендетуге барынша жағдай жасаған әнші медицина болмаса ештеңкеге қауқарсыз екенбіз деп түйіндеді сөзін. 

"Билирубин мәселесі Санжарда да болған. Енді Айяда қайталап жатыр. Үйде жасауға болатын тәсілдің барлығын қолдандым. Алайда, медицина болмаса, ештеңе істей алмайтынымды түсіндім. Бір айға дейін сарылық қалыпты болып есептеледі. Ол бір ай өткен соң басылуы керек. Бірақ біздікі басылмады. Қан тапсырдық. Санжармен 8 күнде ауруханадан шыққанбыз. Ал Айямен әлі осындамыз", - дейді әнші. 

Талқылау