Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын: Мен ресми статистикаға сенбеймін, ауырып жатқан ешкімді көрмедім

Айқын Төлепберген елдегі қатаң карантин талаптарына қарсы. Себебі тойдан табыс тауып жүрген әнші-жыршылар, асабалар табыссыз қалды деп ренжулі. Әнші тым құрығанда кинотеатрларды толық ашу керек деген ойын айтты. 

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали отбасылық қызықтары жайлы айтты

Бұл туралы "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

Айқынның су жаңа кино картинасы екі жылдан бері көрермен назарына ұсынылмай келеді. Себебі 8 наурызға жоспарланған картина екінші жыл қатарынан карантин шектеулеріне байланысты экраннан көрсетілмеді. 

"Бізден басқа елде, Өзбекстанда, Беларусь елінде ешқандай шектеу жоқ. Бізде ғана шектеу, бізде ғана бәрі жабық. Бізде ғана рұқсат жоқ. Автобуспен жүруге болады, базарда жүруге болады, бірақ кинотеатрға баруға болмай ма? Концерттерге баруға болмай ма? Концертте ауру жұқса, базарларда жұқпай ма? Автобустарда адамдар сығылысып тұрады. Ол жерде ауру жұқпай ма? Мен ресми мәліметтерге мүлде сенбеймін. Ауырып жатқан ешкімді көрмедім", - деді актер. 



Айқын Төлепберген Шымкент қаласында жақында концерт өткізді. Себебі, Шымкент өткен аптада жасыл аймақтағы жалғыз қала еді. Алайда концерт өзін өзі ақтаған жоқ деп ақталды әнші. 

Айқын Жұлдызға жаңа ән іздеу үстінде. 

"Жұлдызды жеке әнші ретінде шығарғым келеді. Бірақ ол үшін жақсы ән керек. Материал жақсы болу керек. Онсыз бәрі бекер. Уақыты келеді, сол кезде бола жатар", - деді ол. 

Айқын жақында Гарри Поттер кітабының қазақша аудармасын сынға алған еді. Әнші бәрін қазақшалаудың қажеті жоқ деп санайды.

"Ағылшындар Харри дейді екен. Өмір бойы Гарри деп оқыдық. Киносында Гарри деп таныдық. Енді оны Хәрри деп ешкім үйренбейді. Құлаққа жағымсыз. Гарри деп құлаққа сіңіп қалған нәрсені ауыстырудың не керегі бар? Ағылшындар Англияны England дейді. Біз неге солай атамаймыз. Біз Англия дейміз, Францияны France дейді. Біз неге олай атамаймыз. Бәрін солай қазақшалайық онда", - деді әнші. 

Талқылау