"Айқасқа қарасақ, мен жеңген сияқтымын" – Сағындық Тоғамбайдың қарсыласы төрешілер шешімімен келіспейді
Фото:Қазақстан бокс федерациясы
Семей қаласында Қазақстан чемпионатында 90 келіде салмақты үздіктер анықталды. Алайда ақтық бәсекеде күміс жүлдеге ие болған қарағандылық Нурмагамед Юсупов, финалдық жекпе-жектің нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол финалда Сағындық Тоғамбайға қарсы өткен шешуші кездесуінің қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеді.
“Айқасқа қарасақ, мен жеңген сияқтымын. Тоғамбаймен бұған дейін де бірнеше рет жолықтық. Бұл жолы жеңгенімді дәлелдедім деп ойлап едік, бірақ төрешілер осындай шешім қабылдады. Әйтпесе жанкүйерлер де мені жеңді деп санайды”, – деді боксшы.
Сондай-ақ боксшы күміс жүлдеге көңілі толмайтынын, мақсаты тек алтын медаль болғанын айтты.
“Алтын медаль аламын деп келгенмін, сондықтан күміске көңілім толмайды. Алып-қосарым жоқ, – деді Юсупов.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ал 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, чемпиондық атаққа қол жеткізген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

