Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Қосанова Бразилияда домбырадан шеберлік сабағын өткізді

Танымал қазақ әншісі әрі домбырашысы Айгүл Қосанова Бразилияда шеберлік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Хабар 24.

Оған Латын Америкасындағы ең ірі мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің өкілдері де қатысқан. Отандасымыз елдің бас университетінің өнер институтында жергілікті студенттерге домбыраны таныстырып, қазақ музыка өнерінің қалыптасу тарихы жайлы баяндап берді. Артынша Айгүл Қосанова ұлттық аспапта ойнап, бразилиялықтарды өнерімен тәнті еткен. Жергілікті жұрт мұндай шараның көп пайдасы барын айтады. Өйткені ол қазақтың музыка өнерімен етене танысып, қос мемлекет арасындағы мәдени диалогты нығайтуға мүмкіндік береді.

«Бразилия еліне келген кездегі ең алғашқы қадамымыз – осы біздің Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында болып жатқанына өте қуаныштымын. Және де сол бағдарламасының аясында жаһандағы заманауи Қазақстанның мәдениеті деген үлкен тақырыпта осы біз өзіміздің төл өнерімізді жер-жаһандағы басқа ұлттарға насихаттауды үлкен бір жоба ретінде қарастырудамын», – дейді ҚР еңбек сіңірген әртісі Айгүл Қосанова.

Жіберіп алмаңыз:

Париждегі қазақ бишісі өнерімен Франция жұртын тәнті етіп жүр (фото)

Семіз әйелдерді сұлу әрі байлық статусы санайтын 10 ел (фото)

Ол жақта жер көп: Атамбаев ел саясатын қолдамайтын қырғызстандықтарға Қазақстанға баруға кеңес берді

33 жастағы қазақ қызы пластикалық ота арқылы сұлуланған соң өзіне қалталы күйеу іздемек

Талқылау