Әйгілі “Титаник” әнінің авторы Димашқа ерекше құттықтау жолдады (видео)
Кеше Қазақстанның атын шартарапқа танытқан Димашты туған күнімен бүкіл әлем жарыса құттықтады. Қазақ әншісіне жүрекжарды тілектерін арнағандардың ішінде қарапайым халық та, әлемге танымал тұлғалар да болды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әйгілі “Титаник” фильмінің Селин Дион орындайтын саундтрегін әлемде білмейтін адам кемде кем. Миллиардтардың жүрегін елжіреткен “My heart will go on” әнінің авторы, аты жер ғаламға мәшҺүр композитор Уолтер Афанасьефф Димашқа ерекше құттықтау жолдады.
Америкалық композитор “Туған күніңмен” әнін фортепианода орындап, артынша Димашқа деген тілегін жеткізді. Құттықтау видеосын Алпамыс Шәрімов желіге жүктеді.
“Дәл қазір Америкадан Лос Анджелестен келген бұл құттықтаудың орны ерекше?! Бұл кім дейсіздер ғой?
Атақты, Джеймс Кэмерон түсірген “Титаник” фильмінің бас әні “My Heart Will Go on” әнінің авторы, екі мәрте Грэмми сыйлығының иегері, Уитни Хьюстон, Мэрайи Кэри, Селин Дион, Дэвид Фостер т.б әлемдік мықтылармен серіктес болып, көптеген xит әндерді жазған, атышулы Sony Music-тің бас продюсері, Голливудтың танымал өкілі Уолтер Афанасьефф мырза! Мұндай тұлғаларды Мықтылардың мықтысы деуге болады!” – деп жазды Алпамыс.
Өз тілегінде Уолтер Афанасьевфф Димашқа өнері үшін алғыс айтып, оған денсаулық, бақыт тіледі. Таңғалдырарлығы, америкалық композитор орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеген.
Жіберіп алмаңыз:
Достары 30-ға толған Луинаға сәбиге арналған емізік сыйлады (видео)
Димаш қытай тілінде жанкүйерлерге алғыс айтты (видео)
Димаш үшін арнайы тапсырыспен құлаққап жасалды (фото)
Мәдениет министрі Димаштың ЭКСПО концертінен алатын қаламақысы жайлы айтты