Айгүл Иманбаева жеке өмірінің құпиясын ашты (фото)
Соңғы уақытта ел арасында Айгүл Иманбаеваның жеке өміріне қатысты түрлі қауесеттер тарап кеткен. Көпшілік актриса махаббатымен қауышты немесе Сәбит Әбдіхалоқов пен Алтынай Жорабаеваның ажырасуына Айгүл себеп болды деп топшылап алған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ал Иманбаеваның желіде жария еткен мына бір суреті елдің сөзін растай түскендей болды.
Жұрт актрисаның жанындағы ер азаматтың кім екенін анықтауға кірісті.
Иманбаева елдің көңілін күпті еткен сауалға Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында жауап берді.
“Өткенде инстаграмға баламмен түскен суретімді салдым. Баламның жартысының жартысын ғана, ал өзімнің еркелеп тұрғанымды салып едім, ертесіне басылымдар “Айгүл Иманбаева ғашық болып қалды” деп жазыпты. «Әумин» дедім. Ол баламның суреті болатын. Ертесіне толық екеуміздің суретімізді салайын дедім да, өзімнің оқырмандарымнан ұялдым. «Бізді мазақ қылып отыр ма?» дер ме екен дедім”, – деп түсіндірді Иманбаева.
Десе де актриса өзін ғашық еткен жанның барын жасырмайды. Бірақ ол ел ойлағандай бұрынғы күйеуімен қосылмағанын және елордаға да ер азамат үшін көшпегенін мәлімдеді.
“Мен ғашық адам Алматыда, Астанада емес. Соның өзіне әртүрлі пікірлер айтылып кетті. Біреулер бұрынғы күйеуімен қайта қосылды деп шулады.
Ал шашымды өзгерткенім ненің белгісі екенін білмеймін. Орта жастың ба, ақылдың ба әлде сарқылудың ба, әйтеуір бір өзгеріс барын білемін. Ең бастысы діттеген мақсатым айқын. Соған жету жолындағы шығармашылық қой басқаша айтқанда”, – дейді актриса.
Сөз соңында Иманбаева бақыттың тыныштықты жақсы көретінін тілге тиек етті.
“Нағыз шынайы бақыт өзі тыныштықты жақсы көреді. Бақытты адам бақыттымын деп еш уақытта айқайламайды. Ол ішкі жеке әлем әр әйел затында бар”, – деді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Аружан Жазылбекова жанкүйерлерін сексуалды фотосуреттерімен баурап алды (фото)
Димаш Құдайбергеновке қазақ шенділері көмегін аямауда
Продюсері Жігердің топтан кететіні туралы СМС арқылы жеткізгеніне өкпелі
Қайрат Нұртас бауыры сыйлаған қасқырды көрсетіп мақтанды (видео)