Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас бауыры сыйлаған қасқырды көрсетіп мақтанды (видео)

Бауыры Қайрат Нұртасқа атып алған қасқырын сыйлады. Әнші өз кезегінде алғыс айтып, қасқыр жануарын ерекше жақсы көретінін жеткізді.

16230932_1858795031065699_8896552247131897856_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын Қайрат Нұртастың бауыры оған өзі атып алған қасқырын сыйлады. Әншінің Аман есімді бауыры Тараз қаласында тұрады екен. Яғни әнші дәл қазір ел аралап жүр. Ол өз кезегінде мұндай сыйлыққа ерекше қуанғанын жеткізді.

“Ассаламағалейкум, барша қазақ елі! Менің сүйікті Тараз қаласында тұратын жандай бауырым маған осындай күшті сыйлық сыйлады. Мен өзім қасқырды қатты жақсы көремін. Мынау – бауырымның өзі атып алған қасқыры. Рахмет, бауырым. Алла қаласа, отбасыңа ұзақ ғұмыр тілеймін. Қазақтың жігіттері бір-біріне осындай сыйлықтар жасап, бір-біріне серік болып жүре берсін! Ағайындар, біз бірге болсақ, аяғымыздан ешкім шала алмайды”, – дейді Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары өз кезектерінде түрлі пікір білдірді. Арасында әншінің артық салмақ қосып алғанын аңғарғандар да болды. “Сіз толып кетіпсіз”, “Мен жануарларды атуға қарсымын. Мұны сыйлық деп айтуға келмейді”, “Ерекше сыйлық екен”, “Қайрат, құтты болсын! Атыңа сай әрдайым қайратты бол! Бауырыма да сыйлығы үшін рахмет. Саған менің де дайындап жүрген сыйлығым бар. Алла қаласа, ұсынатын боламын”, “Тірідей асырауға болатын еді. Әр нәрсенің сұрауы болады. Қасқырға жаным ашып отыр. Құр мақтанның құрбаны болып кетті-ау”, “Жақсы сыйлық екен” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев: Димаш “Музарт” тобынан да асып түсті

Жадо 300 мың киім тіккен орталық пен отбасын қалдырып Астанаға көшіп жатыр

Мөлдір Әуелбекова: Кем дегенде 5 бала туып үлгергім келеді

Талқылау