Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аружан Жазылбекова жанкүйерлерін сексуалды фотосуреттерімен баурап алды (фото)

Қазақстандағы ең сұлу актрисалардың бірі Аружан Жазылбекова көздің жауын алатын суреттерімен бөлісіп, жанкүйерлерін тамсандырды.

16230217_167865653712750_5145774788051992576_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актрисаның кезекті фототүсірілімі ерекше сипатта жасалған. Әр фото-туындыда Жазылбекованың келбеті айнадағы кескінімен толыққан.

16465092_214878315652417_7961714407128432640_n

Мұны байқаған желі қолданушылары оған деген жылы лебіздерін аямай “төкті”. Кейбіреулер қазақ актрисасын әлемге әйгілі итальяндық актриса әрі сәнбике Моника Беллучимен салыстырды.

“Тым сұлусыз”, “Айнадағы кескіні мүлдем басқаша көзқараспен қарап тұрған екінші адам сияқты”, “Моника Беллучиға ұқсап тұрсыз”, “Өте талантты актриса”, “Ғажап сұлусыз”, “Нағыз қазақ әйелінің сұлулығы, ғажап, қайран қалып тұрмын”, “Көзқарасыңыз тым ерекше, қайталанбас”, “Сұлулығыңызда шек жоқ, көз алмай мәңгі қарап отыруға болады”, “Ең әдемі әрі ең сүйкімді қазақ аруы”, “Беллучидан да асып түскен сұлу”, – дейді олар.

16585129_1829147207335366_3382008693712224256_n

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергеновке қазақ шенділері көмегін аямауда

Продюсері Жігердің топтан кететіні туралы СМС арқылы жеткізгенін айтып налыды

Жанар Дұғалова өмір сүруге не кедергі келтіріп жүргенін айтты

Баян Есентаева Жұлдыз Өмірғалидың топтан кетуінің себебін ашып айтты

 

Талқылау