Айгүл Иманбаева: Жалғыз ұлымды оқыта алмасам, өмір сүргенім бекер шығар
Айгүл Иманбаева жалғыз ұлының жетістіктерін айтып мақтанды. Дәл қазір әншінің ұлы Еуропада білім алып жатыр екен. Ол аз уақыт ішінде өзінің алғашқы фильмін де түсіріп үлгерген-ді.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
«Ұлым Еуропада білім алып жатыр. Оның түсірген фильмі Еуропаның атынан Қазақстанға келмек. Жуырда елімізде студенттер арасында үлкен байқау болады. Ол жақта кино мен режиссерлік және операторлық бірге оқытылады екен. Осы бөлімде білім алып жатыр. Ақылы бөлімде оқыса да, әлемнің түкпірінен студенттер құжат тапсырды. Соның ішінде жеті ғана студент қабылданды. Ұлымнан бөлек Мексика, Германия, Испания, Франция және Түркия сынды мемлекеттердің студенттері бар. Оқудың ақшасына қатысты жауап бермей-ақ қояйын. Құдай қуат берсін. Бір баламды оқытпасам, өмір сүргенім бекер шығар», – дейді Айгүл Иманбаева.
Осы секілді Ақбота Керімбекованың тұңғышы Қытайда, Сейфуллин Жолбарыстың үлкен қызы Малайзияда оқып жүр екен. Жуырда ғана Жанар Айжанованың жалғыз қызы Германияда білім алып келді.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова: Бірден бөлек шыққан келін қонақ секілді болады
Айгүл Иманбаева: Сәбит ұлының алдындағы борышын толықтай өтеп келеді