Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Бірден бөлек шыққан келін қонақ секілді болады

Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын бөлісті. Күзде продюсер үйіне келін түсірмек. Мұнымен қатар, ол келіндерімен кемінде 3 жыл бірге тұрғысы келетінін айтты.

17439143_1889029408009244_7389351611971141632_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

«Ұлым менің қолымның босағанын қатты күтіп жүр. Ал менің артық уақытым болмай жатыр. «Анашым, қашан келесіз? Менің қызымды қашан көресіз?» деп жиі айтып жүр. 1 мамырға дейін ұлымның жанына барамын деп ойлағанмын. Қазір кино түсіріп жатқандықтан, қолым тимеді. Балама жақсы отырыс ұйымдастырып, құдаларға кездесу ұйымдастыруды тапсырдым. Сол жерде танысып, той туралы ақылдаса жатармыз. Күзде үйлендіремін деп жоспарлап отырмын. Алла амандық берсе, сол кезде тойын жасайтын шығармын», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Мұнымен қатар, продюсер келіндерімен кемінде 3 жыл бірге тұрғысы келетінін айтты.

«Келінді түсіргеннен кейін 3 жылдай бірге тұрып, немере баққан дұрыс. Себебі, бірден бөлек шыққан келін қонақ секілді болып қалады. Күйеуінің ата-анасы мен бауырларына деген мейірімі оянбайды. Біз оны қызымыздай көру үшін ол бізді анасындай көруі тиіс. Ата-енеге қолдағы немере тәтті болады. Сол себепті, барлығын бөліп-жармай келінді өзіміз тәрбиелейміз. Қатаң мінезімізге шыдатып, әбден сабасына түсіріп, пісіреміз. Әрбір сәтті қуанышпен қабылдауды үйретеміз», – дейді Гүлзира ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Иманбаева: Сәбит ұлының алдындағы борышын толықтай өтеп келеді

Нұрлан Албан 6 тұрақты жұмысы бар екенін айтып қалды

Кентал салық төлегісі келмейтінін айтып ашуланды

Әнел Әрінова бұрынғы күйеуінен ұлы үшін “қайыр” сұрағысы келмейтінін айтты

Талқылау