Әйелше киінген жігіт марқұм анасының атынан несие алмақшы болды
Мәскеуде әйел адамның киімін киген ер адам марқұм анасының құжатымен несие алмақшы болды. Бұл туралы Мәскеу ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Әйелдің киімін киіп, қайтыс болған анасының құжатымен банк бөлімшесінен несие алмақшы болған ер адамның қылмысы әшкереленді»,-деп жазылған Мәскеу ІІМ сайтында.
Ол 75 мың рубль (385 мың теңге) көлеміндегі несие картасын алуды жоспарлаған. Банк қызметкерлері мәскеуліктің сыртқы түрі мен көрсеткен құжатынан күдіктеніп, бірден полицияға қоңырау шалды.
Тағы оқыңыз:
Ерекше ген: Италияда ауру атаулыны сезбейтін отбасы пайда болды
Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды
Америкалық ер адам жатын бөлмедегі әйелінің өлгені туралы 1 ай бойы білмей келген
Талқылау