Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелінің жанарында мұң": Жазира Байырбекова ұзақ жылдан кейін сәби сүйген отбасының сырын айтты

Танымал әнші Жазира Байырбекова ұзақ жылдан кейін балалы болған әйелмен сырласқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Өнер иесі жазба соңында оқырманға сауал тастап, ой бөлісті. 

“Көп жылдан кейін балалы болған отбасының қуанышына бардым. Қонақтар күйеуіне рақмет айтып, "Әйеліңді тумадың деп тастап кетпей, шыдадың" деп арқасынан қағып жатыр. Әйелінің жанарында мұң. Шыдай алмай, оңаша шақырып, әйелімен сырластым. Ұзақ уақыт бала болмағаны күйеуінің денсаулығына байланысты екен. Оны туған-туысы білмейтінін және өзінен көріп, талай сөз тигізгенін айтты. Неге? Ер адамның балалы болуға мүмкіндігі болмағанын, табыс таппайтынын, қол жұмсайтынын, мазасын алатынын және әйелінің тапқанын алып қоятынын неге қазақ әйелдері, қыздары жасырады? Бұл біздің қоғамның "Ерін сыйлайды" дегенінің жақсы жағы ма әлде “әйелдің көңілі көк тиын” дейтін жаман жағы ма?", – деп жазды әнші.



Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі “ерін сыйлағаннан” деп жатса, енді бірі “әйелдің құны жоқ екенін” алға тартады. 

“Әйелдің көңілі көк тиын дегені – дұрысы. Ер адам ерлігін жасап мойындауы керек. Жарын сөзге қалдырмай”, “Бедеулік қазір үлкен проблема. Айта алатыны бар, айтпайтыны бар. Түсінем. Өкінішке қарай, маңызды керек ақпаратты қарапайым тілмен жеткізетін ақпарат көзі аз. Білмегенді сұрау ұят емес екенін ер азаматтар да түсінуі қажет”, “Ер адам әйелін қорғай алмағандықтан, әйелқұмар деп айтпасын деп әйеліне араша түспейді”, Негізі әйелдер бәрін үнсіз көтереді. Жігіттер шындықты айта алмайды. Оның үстінде әйелдердің көбі ерте тұрмысқа шығады. Қоғамда қалыптасып үлгермейді. Бірақ қазір ақырындап өзгеріс бар. Соған қуанам”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, өнер иесі әндерінің сабақ үстінде тыңдалатынын айтып, оқырманнан сөз естіп қалғанын жазған едік. 

Талқылау