Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін зорлаған күдіктіні соққыға жыққан ер адам айыпты деп танылды

Ақмола облысының тұрғыны әйелін зорлаған күдіктіні соққыға жығып, оған жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын жасағаны үшін айыппұл төлейтін болды.

565656

Фото: Табылды Қадырбеков

Бұл туралы “Еуразия” хабарлайды.

Ақмола облысында зорланған болуы мүмкін делінген әйелдің жұбайына үкім шықты. Гүлнардың айтуынша әріптесі оны үйіне дейін шығарып салмақ болып, айдалаға алып келіп зорлап тастаған.

“Міне осы жерге алып келді. Тоқтап, маған төне бастады. Мен жылап бұлай істемеуін сұрадым, ал болса мені тыңдамады. Мен көліктен шыққан кезімде маған “бәрібір алысқа кете алмайсың” деп айтты”, – дейді Гүлнара Даниель.

Одан соң күйеуіне хабарласқан. Сараптама жыныстық қатынас болғанын, зорлық белгілерін анықтап берген. Одан кейін Гүлнардың күйеуі Арман полицейлермен бірге күдіктіні іздеп тапқан.

Арманның айтуынша әлгі жігітті тапқаннан кейін, екеуі сол жерде төбелесіп қала жаздаған. Алайда достары араша түсіп, қалқалап қалыпты. Одан соң күдікті жігітті тәртіп сақшылары ұстап алып кеткен.

Алайда ең қызығы соққы жұмсады деп Арманды кінәлі етіп жібереді. Денесіне жарақат салғаны үшін оған көлемді айыппұл салынады. Енді олардың ісі мүлде басқа арнаға түсіп кетуі мүмкін.

“Бізде сот әділ шешеді деп ойлаймын. Егер дәлелдей алса. Егер мені сол қылмысқа кінәлі деп тапса, онда мен өз мерзімімді өтеп шығамын. Әрі қарай егесіп, дауласа бергім келмейді”, – дейді күдікті Батырбек Амангелдинов.

Батырбек – бұрынғы полицей. Отбасы бір жағынан сол себепті де қорқып отыр. Әйелін зорлаған адамға ашуын көрсеткен адам, осылайша темір тордың ар жағынан бір-ақ шығуы мүмкін.

Бұған дейін өзін әріптесі зорлады деп шағымданған әйелге қатысты тағы бір шу шыққаны туралы хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

БАҚ: АҚШ-та ресейлік жеткіншек асырап алған ата-анасын өлтіріп тастады

3 жасар егіздердің бірі өліп қалмас үшін ата-аналары оларды некелестірді (фото)

Өліге саналған жас жігіт мәйітханада оянып көрпе сұраған

Талқылау