3 жасар егіздердің бірі өліп қалмас үшін ата-аналары оларды некелестірді (фото)
Таиландта үш жасар Тикатат пен Тависа дәстүрлі шара кезінде некелерін қиды. Олардың ата-анасы сәбилердің өткен өмірде ғашық жұп болғанына, бірақ қайғылы жағдайға байланысты ажырап кеткендеріне сенімді.

Олар егіз болып өмірге келген кезде рухтардың көзінше оларды үйлендіріп байланыс жасау керек болған. Балалардың анасы, егер оларды некелестірмесек егіздердің бірі өліп қалуы мүмкін дейді.

Ерекше шара өте әдемі болып өткен. Келін тай ұлттық киімінде киінсе, күйеу жігіт ақ көйлек пен алтын түстес шалбар киген.

Тойға қонақ көп шақырылған. Олардың арасында туыстары, достары және ауылдастары бар. Олардың барлығына тойдың өтуі қатты ұнаған. Келушілер енді рухтар егіздердің бірге екенін біледі және олар бақытты болады деп санайды.
Оқи отырыңыз:
АҚШ-та әйел мұғалім мектеп оқушысына эротикалық суреттерін жіберген
Арыстан балалардың көз алдында жаттықтырушыға тап беріп өлтірді (видео)
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.