Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін пышақтаған діншіл жігіттің анасы оқиғаның қалай болғанын, себебін айтты

Шымкентте жат ағымның жетегінде кеткен жігіт өз әйелін пышақтап тастады. Ауыр халде ауруханаға түскен жұбайына дәрігерлер ота жасап, әрең дегенде өлімнен арашалап алды. Қазір, жағдайы бірқалыпты. Күдіктінің анасы журналистерге оқиғаның не себепті және қалай болғанын баяндап берді,-деп жазды Еуразия Бірінші арнасы.

Ал, кінәлі тұлға уақытша қамауға алынды. Тергеу амалдары басталып кетті. Өңірдегі тілшіміз Пернебек Біләлбек зардап шеккен келіншектің туыстарын тауып, тілдесіп келген еді.

Оқыс оқиға Сайрам ауданында болған. Жат ағымның жетегінде жүрген жігіт әйелін өз дегеніне көндіре алмағанға ұқсайды. Сөйтіп, отбасында үнемі жанжал туындаған. Отағасының ығына көндіге алмаған жұбайы ақыры бала-шағасын алып, үйден төркініне кетіп тыныпты. Күндердің күнінде көшеде кетіп бара жатқан кезінде күйеуі оған пышақ сұғып алған. Қансыраған жұбайын көшеде тастап кеткен. Сөйтіп, өз әрекетін видео арқылы әлеуметтік желіде жариялады.

Ауыр халде жарақат алған Умида Нарметованы көшеде бір адам көріп қалып, көлігімен ауруханаға жеткізіпті. Шымкенттен шұғыл сан авиация шақыртқан. Дәрігерлер ота жасап, өлімнен арашалап алды. Қазір, жансақтау бөлімшесінен жалпы палатаға ауыстырылған.

«Операция кезінде анықталған жағдай, көкірек арқылы ішкі қуысына енген. Жарақат ол жерде бауыр зақымданған, соның салдарынан ішке қан кеткен» – №1 Шымкент қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Оспанов.

Хайрулла мен Умиданың шаңырақ көтергендеріне 11 жыл болған. Отбасында 2 бала тәрбиелеп отыр. Отағасы құрылыста жалданып жұмыс істейді. Кешегі болған оқиғаны көршілері жыр қылып әңгімелеп жүр. Бірақ, ешқайсысы Хайрулладан онжай оғаш қылық күтпегендерін айтады.

«Өз-өзі айтады мен ойлаппын сәл есі ауып кетті ме деп, бірлеме болдыма жоқ әлде әйелімен ұрысып қалды ма деп. Жаман ашуландырған болса, сондай іс қылды ма?» – көршісі Мұхтарам апа.

Шаңырағы шайқалған отбасында қазір Жамила апай жалғыз тұрып жатыр. 2 немересін келіні төркініне алып кетіпті. Хайрулла  оның жар дегенде жалғыз ұлы көрінеді. Енді оның өзі қамауда отыр.

«Мамасы келеді-кетеді. Мына жақта тұр демей ма? Бардық, қанша рет алдына, сол кезде айтады, ойбай үйіңде сарай жоқ, ол жақ салқын, сарайды өздері салмай ма, жастарды жарастырмай ма? Менің балам кінәлі емес. Кел мынан істейік десе, істейді. Баламды осындай жағдайға түсірген мамасы мен келін» – дейді күдіктінің анасы  Жәмилә Нарметова.

Қазір, бұл іс бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады. Күдікті Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтасында отыр. Тергеу амалдары басталып кетті.

Оқи отырыңыз:

Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов Бишімбаевтың былығын жасырмай жайып салды

Тоқмәдидің тікелей кінәсі бар: Бишімбаевтың әйелі сотта мәлімдеме жасады

Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі

 

Талқылау