Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін өртке қимаған зейнеткер онымен бірге өртенді

67 жастағы зейнеткер өзінің 65 жастағы кемпірімен бірге өртеніп кетті. Зейнеткердің сыртқа қашып шығу мүмкіндігі болған екен. Алайда ол іште әйелінің қасында қалуды жөн көрген. Бұған әйелінің төсек тартып жатуы себеп болса керек. Яғни ол өз әйелін өрттен құтқара алмайтынын түсініп, бірге өртеніп кеткен.

3B4C2E6700000578-4025194-image-m-16_1481557077164

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Қонақ бөлме өртене бастаға кезде Роджер мен Морин Фристондар үйдің ішінде болған. Ерлі-зайыптылардың үйінде тез тұтанатын заттар көп болған екен. Осының салдарынан үй лезде жанып кеткен. Зейнеткер үйден әйелін аман алып шыға алмайтынын түсініп, өзі де өрттің ортасында қалып қояды.

Моринге қарайлайтын екі әлеуметтік қызметкер үйден сыртқа шығып үлгерген. “Роджер дүние-мүлкін тастап сыртқа шығудың орнына үйде қалып қойған. Оның аман қалуына мүмкіндік бар еді. Ол әйелін құтқара алмайтынын түсініп, онымен бірге өртенуді жөн көрген. Яғни осы тұста зейнеткердің махаббатқа деген адалдығын сақтап қалуғы тырысқанын байқаймыз”, – дейді басты коронер Дэвид Хеминг.

3B4C2D2200000578-4025194-image-a-29_1481557200208

Тергеу барысында үйдің жоғарғы қабатында екі жатын бөлме болғаны анықталды. Морин төсек тартып жатып қалғандықтан, олар күнделікті бірінші қабаттағы қонақ бөлмеде ұйықтап жүрген. “Ол жерде отты тұтататын заттар өте көп болды. Біз барғанның өзінде кішкене газ балондары жарылып жатты. Өрттің тұтануына бірінші кезекте газ плитасы себеп болса керек”, – дейді от сөндірушілер басшысы Карл Пардон.

3B4C2E8600000578-4025194-image-a-30_1481557203621

Мұнымен қатар, тергеу жұмыстары барысында өрттен сақтайтын ешбір құрылғылардың қойылмағаны анықталған. Қызметкерлердің біреуі отты сөндірмек болған кезде қолын күйдіріп алған.

3B4C2EB500000578-4025194-image-a-25_1481557151370

Әлеуметтік қызметкерлер Карен Джилби мен Хизер Кларк Фристоун денесінің бір жағы сал болып қалған Морин ханымға күтім жасаған.

3B4C2D3200000578-4025194-image-m-23_1481557137124

Енді өрт сөндірушілер күн сайын қарапайым халыққа сақтық шараларын түсіндіріп жүр. Сот Фристоундардың 28 наурыз күні сағат 21:25-те газға уланып қайтыс болғанын мәлімдеді.


Жіберіп алмаңыз:

7 жастағы екі қыз базар ішінде өз-өздерін жарып жіберді

Мыстан әйел алматылық гейдің көзқарасын өзгерту үшін оны емдеп көрді

Ділназ Ахмадиева отбасылы еркекті сүйіп қалғанын ашып айтты

Күйеужігіті жол апатына түсіп аяғынан айырылған Талдықорған тұрғынын тастап кетті

Талқылау