Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелімен жанжалдасқан қарағандылық өгей қызын зорламақ болған

37 жастағы қарағандылық әйел азаматпен БАҚ-тағы жарнаманы көріп танысқан. Артынша екеуі азаматтық некеде тұра бастаған. Кезекті ұрыстан кейін ер адам кәмелеттік жасқа толмаған өгей қызын зорламақ болған.

photo_160061

Бұл туралы «Криминальные новости» басылымы хабарлайды.

Бастапқыда ғашықтардың қарым-қатынасы жақсы өрбіген. Уақыт өте келе азамат Марияға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс білдірген. Ер адам әйелден 8 жасқа кіші болған екен. Артынша жігіттің отбасының бар екені анықталған.

«Бірнеше кездесуден кейін біз бірге тұра бастадық. Бірде оның, бірде менің үйімде тұрдық. Соңғы кезде менің ата-анамның үйіне жиі келетін болдық. Бірге тұруды мен ұсындым. Себебі, сүйіктімнің жекеменшік үйі жоқ еді. Ол балалар үйінде тәрбиеленген», – дейді Мария.

Ғашықтардың бақыты ұзаққа созылмады. Көп ұзамай олар жанжалдасып қалады. Осындай ұрыстардың бірінде ер адам Егорованың ұялы телефонын тартып алып, әйел полицияға арыз жазған. Артынша ол күйеуін кешіреді. Алайда араға біраз уақыт салып түсініспеушіліктер көбейіп кетеді.

«Сол түні үйден кетуіме тура келді. Ол мені қуып шықты. Ата-анам өз бөлмелерінде ұйықтап жатқан болатын. Яғни ешнәрсе естімеді. Мен сырт киімімді киместен, полицияға жүгіріп бардым. Артынша тәртіп сақшыларымен бірге үйге қайтып келдім. Қуанышыма орай, ол сыртқы есікті жабуды ұмытып кеткен екен. Пәтердің ішіне оңай кірдік», – дейді әйел.

Осы кезде Марияның 14 жасар қызын күйеуі зорламақ болған екен. Осылайша полиция қызметкерлері жасөспірімді ішімдікке тойып алған ер адамнан құтқарып қалды.


Жіберіп алмаңыз:

Зырянов ауданынан былтыр қыста жоғалған азаматтың өлі денесі табылды

Қарағандыда КамАЗ жүргізушісі велосипед мінген 8 жасар қызды қағып кетті

Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Талқылау