Әйелі секспен айналысудан бас тартқан күйеуінің мүшесін кесіп тастады
46 жастағы Лю такси жүргізушісі қызметін атқарады. Сол себепті ол күн сайын үйіне кеш әрі шаршаңқы күйде оралады. Соңғы кездері Людің табысы да азайған. Сол себепті жұбайы оны басқа әйелермен жүреді деп сөккен. Одан бөлек, бұл кеште өзін қанағаттандырмаған жағдайда, күйеуін өлтіретінін айтып қорқытқан.
Бұл туралы The Sun басылымы жазды.
Әдеттегідей бұл күні де Лю жұмыстан шаршап келді. Әйеліне жыныстық қатынаспен айналысуға шамасы да, құлқы да жоқ екенін айтқан ол ақырында «таяқ жеп» қалды. Анығында, 54 жастағы Чжан оның жыныс мүшесін алып пышақпен кесіп тастады.
Қытайлық азамат жұбайынан зәбір көргеннен кейін бірден ауруханаға жеткізілді.
Зайыбынан көңілі қалған Чжан «Людің бірнеше көңілдесі бар, сол себепті үйге оралғанша оның күш-қуаты таусылып қалады» деп есептейді. Оған қоса, күйеуінің табысы бұрынғыдан азайған.
Суретте ер адамның зақымданған жыныс мүшесі бейнеленген
Людің айтуына қарағанда, ағымдағы айдың басында әйелі одан өзімен секспен айналысуды талап етіп, кері жағдайда жыныс мүшесіне зақым келтіретінін айтып, қоқан-лоққы көрсеткен.
«Бірақ мен бірнеше күн бойы дұрыс ұйықтамадым. Энергияны қайдан алуым керек?» – дейді Лю.
Ашуға мінген Чжан күйеуінің «құндылығын» екіге қақ айырған.
Оқыс оқиғадан кейін Чжан күйеуінің ем-домының ақысын төлеуден бас тартқан әрі ауруханаға бірде бір рет бармаған.
Чжан күйеуінің 4-5 көңілдесі бар деп есептегенімен, Лю оның бәрін жоққа шығарып отыр.
Қазіргі уақытта Лю ауруханада денсаулығын қалпына келтіруде.
Басылымға берген сұхбатында Чжан: «Оның көңілдестері көп. Үйге жиі келмейтін болды. Қолымда дәлел де бар, кері жағдайда мұндай қадамға бармас едім. Қатты ашулымын. Күн сайын жылаймын. Менімен ажыраса сал дедім. Алайда өзі қаламайды. Басқа ешбір әйелге сенбейтінін айтады, сол себепті ажырасуымызды құптамайды», – деді.
Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Ақылды әйел ерінен талап етпейтін 7 нәрсе
Әуе апатынан аман қалған футболист: Мен бір минут бұрын орнымды ауыстырған едім
2017 жылға арналған жұлдыз-жорамал
Үнді азаматы әйелі секспен айналыспай қойғаны үшін өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған