Әйелі мен балаларын үйден күштеп қуып шыққан: Шымкенттің экс-әкімінің ағасына қатысты сот шешімі шықты
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Шымкенттің экс-әкіміінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: коллаж Stan.kz
Сот Марат Әйтеновті 12 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.
"1978 жылы туған Марат Әйтенов қылмыстық кодекстің “ұрып-соғу” бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалсын", – делінген сот үкімінде.
Бұған дейін сот отырысында прокурор Марат Әйтеновті 12 тәулікке қамауға алуды сұраған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп, қуып шықпақ болғанын туралы мәлімдеді. Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Ол – Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы.
Бұған дейін Марат Әйтеновтің 5 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік. Сотта бұрынғы ерлі-зайыптының балаларының психологиялық жағдайы туралы маманның пікірі оқылды.