Бұрынғы әйелін ұрғаны үшін Марат Әйтеновтің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Елорда полициясы қоғамда дау тудырған видеодан кейін Шымкенттік экс-әкім Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
“Астана полиция департаменті А есімді азамат әйелінің денесін жарақаттағаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаға қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.
Еске салайық, Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп қуып шықпақ болғанын айтты. Бұған дейін Әтешова өзінің бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Ол – Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы. Сондай-ақ Дана Әтешова президенттен көмек сұраған еді.
Бұған дейін Марат Әйтеновтың 5 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”