Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі Instagram желісіндегі бір ғана сурет арқылы күйеуінің көзіне шөп салғанын білді

Әйелі желі арқылы күйеуінің опасыздығын біліп қалды.

Балалар стоматологі Юлия Агранович Instagram желісі арқылы өз күйеуінің көзіне шөп салғанын білді.

Ол желіде бір бойжеткеннің парақшасындағы өз жатын бөлмесінен түсірілген суретті байқап қалады. Әйелі күйеуіне «Қашаннан бері үйге жезөкшелерді әкелетін болғансың?» деп пікір жазады. Кейіннен бойжеткеннің өзімен сөйлеседі. Ол «циркті тоқтатып, шынайы өмір сүр» деп кеңес берген. Тіпті, қарсы сөз айтып өзін қорғамақ болған.

Әйелі күйеуінің одан өзге де қыздармен кездескенін біліп алған. Ол қыздар күйеуінің отбасылы екенін білмегенін айтып жылады.

Желі қолданушылары бір ауыздан әйелге басу айтып, күйеуімен ажырасуға кеңес айтты. Әйел өзін қолдаған қолданушыларға алғысын білдірді.

«Құлай сүйіп, сонша жыл бірге болған адамымның лайықсыз біреу болғаны да ешқандай қайғы емес», – деп жазды келіншек.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да сүйіктісін алып қашқан жігіт жол апатына түсті

Аңға шыққан азамат көршісін бұғы деп ойлап атып өлтірді

Желіде Джеки Чанның Ерлан Қаринге шай құйып отырған видеосы жарияланды

Талқылау