"Әйелі барын есіне салыңдар": Абай Бегейдің әйелі оны қырғыз әншісінен қызғанып қалды
Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі әншімен дуэт орындаған қырғыз әншісінен күйеуін қызғанғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Фариза Жұманова өнер иелерінің қос тілде шырқаған "Үрбибі" әніне қатысты пікір білдірді.
“Тақсырды мына қыздан қызғанып бара жатырмын. Желіде әйелі бар екенін белгілеп, есіне салып қойыңыздаршы", – деп жазды әншінің келіншегі.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызының әйеліне қолдау білдіріп жатыр.
“Әншінің жары болу қиын”, “Екі әнші де керемет орындап тұр”, “Абай мырзаның өзінің “Үрбибісі” бар”, “Қызғаншақ болу жақсы қасиет емес”, “Қолынан ұстамағаны дұрыс”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Абай Бегейдің әйелі туған-туыстың сөздерінен шаршағанын айтқан еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"