Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелді сомдау - ислам заңдарына қайшы": Нұртас Адамбай елдің сынына жауап берді

Әйгілі "Сабинка келін" кинокомедиясының соңғы бөлімі көрерменге 24 ақпан күні жол тартпақ. Фильм продюсері Нұртас Адамбай бұл бөлімде Сабинаның халықпен қоштасатынын хабарлады. Дінге бет бұрып, соңғы уақытта оқырмандарымен шариғат туралы сөйлесіп жүрген Нұртасқа жанашыр жандар "әйел бейнесін сомдау ислам заңдарына қайшы келетінін" ескерткен. Кинопродюсер бұған жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Адамбай фильмді жарыққа шығармас бұрын "әртүрлі имамдармен, ислам әлеміндегі абыройлы ғалыммен" кеңескенін атап өтті. Айтуынша, олардың ойы екіге бөлінген. Бірі қарсы шықса, екіншісі қолдаған. Бұл орайда продюсер шешім қабылдау қиынға соққанын атап өтті. 

"Күдік көп болды. Бірақ кейін Құдайдың маған үлкен сабақ беріп жатқанын түсіндім. Жеке ойыма сүйеніп, шешімді өзім қабылдауым керек болды. Өйткені қиямет күні өз істерім үшін өзім жауап беремін. Ешқайсысыңызды куәгер, прокурор немесе қорғаушы ретінде шақырмайды. Сондықтан о бастағы ойымда қалдым. Өйткені дұрыс мағынасынан түсінуге ешкім тыйым салған жоқ. 

Жаратқан ерлердің әйелдерге ұқсауына тыйым салған, себебі ойнастық пен азғындық – үлкен күнә. Біздің фильмде мұның екеуі де жоқ. Сабина – комедиядағы рөл ғана. Дұрыс пікірлі адамдар киноны өмірден ажырата алатынына сенімдімін. 



Фильмнің бірінші бөлімі осыдан 7 жыл бұрын шықты. Осы уақыт ішінде фильм үшін ориентациясын өзгерткен адамды естімедім", – деп жазды Адамбай желідегі парақшасында.

Кинопродюсер оқырмандарды біреудің ісіне араласқанша, ақыретке дайындалуға шақырды. Ол мұсылман адамның әрбір айтар сөзіне абай болуы керектігін ескертті. 
 

Талқылау