Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдерге тегін қызметші болуды үйретеді": Баян Алагөзова коучты сынады

баян алагөзоваФото: Stan.kz 

Танымал продюсер Баян Алагөзова әйелдерге ақыл айтатын коучты қатаң сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баян Мақсатқызы әйелдерге ғана тренинг өткізетін психолог Мәрзия Бекайдардың видеосын бөлісті.

“Міне, тағы бір коуч әйелдерге барлық жетістігін тастап, күйеуіне қызмет етуге үндеп отыр. Тегін қызметші болуды насихаттайды, сұхбат алушы сонымен келісіп отыр. Олардың түсінігінде әйелдің құндылығы – мойынсұну және ошақ қасында өз орнын білу. Мұны әлі күнге дейін тыңдап, іс-әрекетке нұсқау ретінде қабылдайтындар бар. 21-ғасырда, зайырлы мемлекетте, конституциялық тең құқыққа қарамастан бізге келін – жарты адам, жалғыз құқығы – қызмет ету”, – деп ашуланды продюсер. 



Ал, коуч Мәрзия Бекайдар келін өз орнын білуі керек екенін айтып, ажыраспай мойынсұну керегін ескертті. 

"Қазір ажырасу мәселесімен көп келеді. "Мен көнбеймін, тұрмаймын" дейді. Мен сол кезде бірден "ажырасу сіздің проблемаңызды шешпейді" деймін. Өйткені, сіз ажырасып кетсеңіз де өзіңізді алып кетесіз. Келесіде тұрмысқа шықсаңыз да өзіңізді алып барасыз. Ол жерде сіздің көзқарасыңыз бен мінезіңіз болады. Дәл сондай мәселеге тап боласыз. Ажырасумен проблема шешілмейді. Біз тұрмыс құрған кезде, олардың қызы емес екенімізді мойындауымыз керек. Еркелігімді көтеріңдер деп айту дұрыс емес. Олай болмайды. Тұрмысқа шығамын дегеннен бастап жауапкершілікті алу керек. Келін болып келдім ба, ол жерде мен келінмін. Мың дипломым болса да, әлемді қаратқан болсам да ауылға бардым ба, мен ол жерде келінмін. Қандай ерке болып өссеңіз де, бастықтың қызы болсаңыз да, бүкіл әлемнің ең мықты университетінің дипломы болса да сіз келінсіз ба, өз орныңызды білуіңіз керек. Келін деген рөлімізді білмесек біз сонда қандай жармыз?! Қандай ана боламыз?! Оның бәрі дұрыс емес", – деді коуч.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 21 Тамыз, 2025 10:44
Талқылау